Компьютердің құрылғылары 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

 Компьютердің құрылғылары 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және программалар
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрылғылары 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • енгізу (мысалы, тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату
Сабақтың мақсаттары: • компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру
• енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу.

1. Ұйымдастыру
Сабақтың басында мұғалім оқушыларға монитор, пернетақта, тінтуір, принтер бейнеленген кеспе қағазызын таратып екі топқа бөледі.
Топқа бөлініп болған соң талқылауға сұрақтар қояды:

2. Мақсатты тұжырымдау
«Миға шабуыл»
(Сабақ тақырыбың анықтауға арналған іс- әрекеттер)
- Не себепті дәл осылай бөліну қажет болды?
- Бірінші топтағы құрылғылдардың негізгі қызметі қандай?
- Екінші топтағы құрылғылардың негізгі қызметі қандай?
- Сабақтын тақырыбы қандай болуы мүмкін?
- Сабақтың мақсаты қандай?
- Оқып үйренетін тақырып бойынша нені білгініз келеді?
Сабақтың тақырыбын және оқу мақсатың тақтаға жазып қою

3. Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.

Мұғалім топтағы суретке анықтамасын тұжырымдауға ұсыныс білдіреді.

Ақпаратты енгізу құрылғылары... үшін берілген,
Ақпаратты шығару құрылғылары ... үшін берілген

Мұғалім үсынылған анықтамаларды дұрыстап, дәптерге жазып алуға ұсыныс береді.

Топтық жұмыс
Топта талқылау арқылы (өздерінің қолдарында бар құрылғыларға) тағы қандай құрылғылар қосуға болатынын және не себепті осы құрылғыларды ұсынып отырғанын түсіндірсін.
(Егерде оқушы қиналып отырса, мұғалім тақтадаң суреттер көрсете алады).
Мысалды оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

Көрсетілім
Ноутбук бейнеленген сурет көрсетіп, ондағы енгізу және шығару құрылғыларын көрсетіп, атап беруін ұсынады.

Смартфон бейнеленген сурет көрсетіп, ондағы енгізу және шығару құрылғыларын көрсетіп, атап беруін ұсынады.

Мүмкін оқушылар смартфон арқылы қосымша енгізу және шығару құрылғыларын атай алатын болар (gps қабылдағышы, сенсорлы экран...)

Көп дау тудырған және атқаратын қызметін түсіндіріп бере алмаған құрылғыларды айқындаңыз. Мүмкіндігінше шынайы компьютер қолданып, құрылғыларды атап бере аласыз..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру