Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

 Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• экологиялық мәселелердің себептерін анықтау;
• экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талдау.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар экологиялық мәселелерді шешу жоспарын құрастыру үшін, бір экологиялық мәселе жазылған пазлды жинау арқылы топтарға бірігеді. 5.6.3.2 өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу және 6.6.3.1 өз аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді.
Дескрипторлар
Оқушы
Экологиялық мәселе себебін анықтайды.
2. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
3. Топтық жұмыс.
Әр топ мәселеге қатысты құрылымдық сұрақтар топтамасын және әуе шарының бейнесін алады.
- Кімнің әуе шарында болуы қажет? Оқушылар басқа жерге баратын, әуешарының бортында болуға тиісті адамдардың аттарын жазады, яғни, мәселені шешетіндерді.
- Бұл жоба нәтижелі болу үшін не қажет? Мәселенің нәтижелі шешімі болуы үшін, оқушылар ойы бойынша не қажет екенін әуе шарына жазады.
- Қайсысы тежеуші фактор болады? Зәкір қатарына оқушылар мәселені шешуді бастауды тежейтін факторларды жазады.
- Шардың жоғарғы жылдамдықта ұшуын не мәжбүр етті? Оқушылар шарға өз ойлары бойынша, жоба сәтті болып шешілуіне қажетті барлық элементтерді жазады. Мысалы, жұмысқа қабілеттілік, қызығушылық, шығармашылық әрекет.
- Шарды ұшу бағытынан не тайдырады? Оқушылар шардың екі жағынан жоба барысында пайда болуы мүмкін мәселелерді жазады.
«Галереяға саяхат» әдісі бойынша сыныпта еркін қозғала отырып, барлық жұмыстарды қарап шығады. Стикерлерге өздерінің ұсыныстарын, ескертулерін, түзетулерін, толықтыруларын жазып қалдырады.
Дескрипторлар
Оқушы
- Экологиялық мәселені шешетін адамдарды атайды;
- Нәтижелі шешімі болуы үшін, не қажет екенін анықтайды;
-Мәселені шешуді тежейтін факторларды көрсетеді;
- Мәселені шешілудің жолдарын ұсынады;
-Экологиялық мәселені шешу барысында пайда болуы мүмкін мәселелерді көрсетеді.

Мұғалім кері байланыс береді.

4. Сабақты бекіту
Экологиялық мәселе Себебі Шешу жолдары........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру