Тірі табиғат дүниелері (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

 Тірі табиғат дүниелері (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көптүрлілігі
Сабақ тақырыбы: Тірі табиғат дүниелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.6.2.1 тірі табиғат дүниелеріне ағзаларды жіктейді
Сабақ мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
• тірі ағзалардың негізгі ерекшеліктерін ауызша тұжырымдайды
• тірі ағзаларды бес дүниеге олардың ерекшеліктері бойынша жіктейді, жазбалар және қорытынды жазады
• ағзалардың ерекшелік белгілерін атайды және олардың белгілі бір дүниеге жататындығын анықтайды.

(С) Оқушылармен «Құпия дорба» ойыны өткізіледі. Алдын ала мұғалім дорбаға ойыншық ағзалардың мүсіндерін салып қояды. Оқушылар дорбаның ішіндегі ағзаларды (жануар, өсімдік немесе жеміс муляждары, саңырауқұлақ, біржасушалы ағзалардың муляждары) анықтаулары қажет. Ол үшін оқушылар бір-бірден шығып, дорбадан бір жануарды сипап сезу арқылы, қандай ағза екенін анықтап көреді. Енді дорбадағы ағзаларды столға шығарып, оқушылар тақырып не туралы екенін анықтап көреді. Анықтау кезінде көрсетілген ағзаларды толық пайдалануын сұрау.
Тақырыпты және мақсатты анықтау.

(С) Енді сол ағзаларды топтауын сұрау және неге олай топтағанын түсіндіру. Кейбір оқушылар омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың, өсімдіктер ерекшелігін, өздері көрген ағзалар туралы айтуы мүмкін.
Сыныппен нәтижені талқылау. Барлығы бірдей шешім қабылдады ма? Бұл жаттығу оқушыларға ағзаларды жеке топтарға белгілі бір ерекшеліктері бойынша топтастыруға болатындығын түсінуге көмектеседі.

(Т) Оқушыларды бес топқа бөліп, «Артығын тап» ойынын ойнау ұсынылады. Әр топқа бір дүниенің өкілінің суретін ұсыну. Тақырып бойынша кілт сөздер жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылар берілген кілт сөздерді пайдаланып, берілген суреттегі ағзаға қатысты деген сөздерді топтастырады.
Әр топ өз таңдауларын неге бұлай топтастырғанын түсіндіреді.

(М) Мұғалім оқушыларға тірі ағзалардың бес дүниесі туралы теориялық ақпараттармен танысуды ұсынады.

(Жж) Оқушыларға бес дүниеге тән ағза суреті беріледі. Сол ағзаның ерекшелік белгілерін сипаттайды.
Сипаттау үшін критерий
• Ағзаның қай дүниеге тиесілі екендігін дұрыс анықтайды
• Ағзаны қандай белгісіне қарап анықтағанын түсіндіреді
• Ерекшелік белгілерін атады (екіжұп аяқ, қанаттары, құйыршық, тұмсық т.б.)
Жұптар бірін-бірі бағалайды ........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру