Электр тізбегі деген не? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Электр тізбегі деген не? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегі деген не?
Оқу мақсаты: 3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау;
3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну;
3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Электр тізбегінің қарапайым сызбасымен және оның жұмысымен танысу.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару мақсатында «Қал қалай? Осылай!» ойынын ойнау.
Əр сұраққа балалар хормен «Осылай!» деп жауап береді де, қолмен дұрыс бағытты көрсетеді. Мысалы:
Қал қалай? – Осылай! (Бас бармағын көтереді).
Жүріс қалай? – Осылай!
Сабаққа дайындық қалай? – Осылай!
Тізбектерді салыстыр.
«Тізбек» сөзіне ассоциация құру. Оқушылар тізбектің қандай болатынын, олардың қандай болатынын анықтайды. Оларға бірнеше тізбектердің суреттерін көрсету арқылы тізбектердің әртүрлі болуын түсіндіру. Электр тізбегі туралы әңгімелеу. Жетекші сұрақтар арқылы оқулықта берілген суретпен жұмыс жасау. Сұрақтар:
-Оқулық кейіпкерлерінің қолдарында не бар?
-Олардың бір-бірінен қандай айырмашылық бар?
-Тізбектер неден құралған?
-Егер тізбектер үзіліп қалса, не істеу керек?
-Негештің тізбегі үзілсе не болады? Ойыңмен бөліс.
-Сым арқылы не өтеді? Қалай ойлайсыңдар?
-Сымдарды ажыратса не болады?
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Жана ма, жанбай ма?
Тапсырманың мақсаты: Оқушыларда электр тізбегінін дұрысын анықтау. Оқушылар суретпен жұмыс жасай отырып, шамның жануына қажетті тізбекті анықтайды. Жетекші сұрақтар арқылы, тапсырманың мақсатына қол жеткізу ұсынылады. Сұрақтар:
-Суреттегі эксперимент нені анықтауға арналған деп ойлайсың?
-Қандай электр көздерің білесіңдер?
-Суретте берілген заттардың қайсысы электр құралына, қайсысы ток көзіне жатады?
-Берілген суреттердің қандай айырмашылығы бар?
-Шам қандай кезде жанады?
-Шам қандай кезде жанбауы мүмкін?
-Ток көзін тізбекке не үшін қосады? Ойыңмен бөліс.
ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Электр тогі.
Мақсаты: Оқушыларда электр тогі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларға бірнеше сымдарды немесе сымдардың суреттерін таратуға болады. «Сымның ішінде не болуы мүмкін?» деген сұрақ қою.
Оқушыларға түсінікті болуы үшін су құбырларында судың қозғалу жолын көрсетіп, олардың тұрығын үйлерге қалай баратынын көрсету. Электр сымдары арқылы ток электр көзінен құрылғыға өтетінін түсіндіру.
ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.
Электр тізбегі неден тұрады?
Тапсырманың мақсаты: Оқушыларды электр құрылғыларымен, қызметтерімен сонымен қатар, электр тізбегінің жұмысына қажетті элементтерді таныстыру........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру