Жануарлар туралы не білеміз? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

 Жануарлар туралы не білеміз? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат: Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар туралы не білеміз?
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1.1.1.1. Жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажырата білу,сұрақ қоя білу;
1.3.1.4.Үй жануарларынан алынатын өнімдер тізімін білу
1.1.3.5. Бақылауларды сызбамен көрсету. 1.3.2.2 Жыл мезгілінің ауысуына қарай жануарлардың қалай дайындалатындығын түсіндіре алу.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар білу керек:
Жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажырата біледі.Үй жануарларынан алынатын өнімдердің тізімін айта алады.
Көпшілігі:
Жануарлар түрлерін топтастыра алады.
Кейбір оқушылар:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтай
Жыл мезгілінің ауысуына қарай жануарлардың қалай дайындалатындығын түсіндіре алады.

(Ұ)Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
(МК,Ұ) Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында сынып бөлмесі кілемше үстінде шеңбер құрып тұруға шақырамын..
Оқушыларға «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беремін.
«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай сендердің де бүгінгі сабақта өздеріңді табысты, алғыр сезінулеріңнің бәрі өздеріңнің қолдарыңда екен.
(Оқушыларды мақтау, қолдау арқылы бағалаймын)
Оқушылардың жаңа сабақтың тақырыбын айту, мұқият тыңдау, ажырата алу дағдыларын байқау үшін бірнеше дыбыстарды тыңдатамын.
- Балалар қазір біз сендермен әртүрлі дыбыстарды тыңдаймыз
(Табиғаттағы құстар жан-жануарлар дауысын естиді)
-Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақ не туралы болмақ? (Жануарлар турралы)
Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында зат жасырып, жетелеу сұрақтарын қоямын.
-Енді мен қазір сендерден бір зат жасырамын.
-Сендердің ойларыңша ол не болуы мүмкін? Сендерге бағыт берейін.
Мен жасырынған зат бүгінгі біздің сабағымызбен байланысты.
Оны барлық бала жақсы көреді.Оның дәмі тұзды болуы мүмкін. Оны әжелеріміз, аналарымыз жасайды. Қазіргі кезде ол дүкендерде де сатылады.Мен не жасырып отырмын? (құрт)
Қалай ойлайсыңдар олай болса, бүгінгі сабағымызда не туралы айтамыз.
Жануарлар туралы не білеміз? Сабақта жануарлар тіршілігі туралы айтатын боламыз.
(Жасырнған затты тапқан оқушыны қол шапалақтау, қошемет көрсету арқылы бағалаймыз)
(МК,Ұ) Слайд арқылы сабақтың мақсатын көрсетемін:
Бүгінгі сабақта біз:
жабайы жануарлар мен үй жануарларын айырмашылығын білеміз;
үй жануарларынан алатын өнімдерді атаймыз, жазамыз;
жыл мезгілінің ауысуына орай, жануарлардың қалай дайындалатынын түсіндіріп айтамыз.
Балалар, кәне бәріміз еске түсіріп көрейікші.
Жануарлар қандай топтарға бөлінеді.
Үй жануарлары;
жабайы жануарлар;
балықтар;
қосмекенділер;
жорғалаушылар;
құстар. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру