Біз немен тамақтанамыз? (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

 Біз немен тамақтанамыз? (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын
Сабақ тақырыбы: Біз немен тамақтанамыз?
Сабақтың оқу мақсаты: 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Ежелгі және қазіргі адамның тамақтану ерекшеліктерін салыстырады ,тағам мен сусын түрлерін ажыратуға үйренеді.

І. Психологиялық ахуал.
Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй тудыру.Өмір бойы білім алуға бағыттау.
Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды.
* Біз бақытты баламыз,
* Ойнап ,күліп аламыз.
* Жетілсін деп санамыз,
* Оқып білім аламыз.
(Ұ)Ойын ойнату «Бұл не?»
Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
Түрлі тамақ пен сусын салынған пакетті үстелге қойыңыз. Оқушылар сіздің сабаққа не әкелгеніңізді табуы тиіс. Егер оқушылар дорбада не бар екенін айта алмаса, бір оқушыны тақтаға шығарыңыз. Ол дорбадағы заттарды қарап, тағам түрлерінің біреуін (мысалы, ақ, дәмді, қою) сипаттайды. Оқушылар сипаттама арқылы қандай тағам екенін табады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Критерийлерді анықтау.

(Ж) Олардың жұптасып өздері жақсы көретін тамақ пен сусын түрлерін атап, бір-бірімен әңгімелеседі. Олардың әр жауаптарына пікір білдіріңіз және оларды сыныппен талқылаңыз.

(Ұ,Т,Қ)Проблемалық жағдаят
Мақсаты:Оқушылардың ежелгі адамдардың немен тамақтанатыны жайлы білімдерін анықтау.
-Балалар, ертеде адамдар немен тамақтанған, қалай ойлайсыңдар?
Оқушылар топта отырып, бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.ортақ шешімге келіп, сыныпқа өз шешімдерін, ойларын айтады.

(МК)Қосымша ақпарат
Ертеде ежелгі адамдар жылы жерлерде өмір сүрген.Сондықтан олар жылы киім туралы ойланбайтын.Олар көп уақытын тағам іздеуге жіберетін. Әйелдер мен балалар жемістерді, өсімдік тамырларын, құстар мен тасбақалардың жұмыртқаларын терді, тіпті құртпен қоректенген.Ежелгі адам ұзақ уақыт бойы аңның етін шикілей жеген. Уақыт өткен соң от табуды білген адам етті отқа пісіріп үйренді. Отқа піскен ас жұмсақ болды, сонымен қатар түрлі бактериялар мен паразиттерді өлтірді. Ғалымдардың пікір бойынша алғашқы адамның рационы әр алуан еді, олар қолдарына түскен тағамның барлығын жейтін.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру