Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады? 1-сабақ (Құқық негіздері, 9 сынып, IV тоқсан)

 Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады? 1-сабақ (Құқық негіздері, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4.4 Еңбек шарты
Сабақтың тақырыбы: Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады? 1-сабақ
Оқу мақсаты: 9.4.4.1 құқықтық жағдаяттарды талдап еңбек шартының мазмұнын ашу
Сабақтың мақсаты: •Еңбек субъектілері, жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы ұғымдарын біледі.
• Жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтарын, міндеттерін жіктейді.

Ұйымдастыру кезеңі.
1) Өткен тақырыпты қайталау.
2) Ой-шақыру. Сабақтың тақырыбын жарияламас бұрын сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға сурет слайдттарды көрсету.
3) Оқу мақсатымен таныстыру. Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттарымен оқушыларға таныстырылады.
4) Оқушыларға бейнекөрсетілім арқылы жағдаятты көрсету. Оқушылар жағдаятты қарап шығып, талдау жасайды. Берілген құқықтық жағдаятты талдап еңбек шартының мазмұнын ашады.
5) Б/Т Кейс технологиясы. Топтық жұмыс.
Топтар төмендегі жағдаяттарды талқылап, еңбек қатынастары субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды. «Жұмыс уақыты» кейсіне ҚР Еңбек кодексінің 7-тарауы;
«Тыңығу уақыты» кейсіне ҚР Еңбек кодексінің 8-тарауы;
«Жалақы» кейсіне 10-тарауы беріледі.
Сұрақтың өмірлік болуына байланысты негізінен дұрыс жауаптар беріледі.
1-жағдаят:
«Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа орналасты. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмелетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).
2-жағдаят:
«Жұмысты ұзақ іздеген Әлібек, ақырында, бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Әлібек бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертіп, жалақының да өзгеріссіз қалатынын айтты». (Әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме? Жауабыңды дәлелде.)
3-жағдаят:
«Зауытта апатты оқиға болады. Іс жүзінде барлық дерлік ұжым мерзімінен тыс жұмысқа тартылды. Кешкісін колледжде оқитын он жеті жасар Нұржанға ауысымнан кейін жұмыста қалуға талап қойылды. Сонымен бірге кадр бөлімінің маманы өздерінде Нұржанның сабақ кестесі барын айтады. Бүгін сабақ жоқ, сондықтан ол егер мерзімінен тыс жұмыстан бас тартса, оныкі заңсыз болады деп мәлімдеді».
(Он жеті жасар Нұржанға әкімшіліктің талабы орынды немесе орынсыз? Неге? Дәлелде)
4-жағдаят:
Он алты жасар Қасым фирмада істейді, жүк жеткізіп, басқа да «ауыр» дене жұмыстарын атқарады. Онымен бірге жиырма жастағы Қайрат та сондай қызметтер атқарып жүр. Бірде жалақы алу кезінде қол қойып тұрып, ол Қайратқа өзі алатын сомадан екі есе көп сома қойылғанын байқап қалды. Бұл оған әділетсіздік болып көрінді. Ол өз еңбегі мен Қайраттың еңбегіне төлем арасындағы айырманың неден тұратынын сұрайды. Бухгалтер, біріншіден, Қасым кәмелетке толмаған, оған жоғары жалақы алуға әлі ерте, екіншіден, Қайрат қалай болғанда да
директордың алыстан келетін туысы, деп жауап береді. Бухгалтердің дәлелі қаншалықты сендіре алады?
Топтар жауаптарын барлық сынып талқысына салады, өздерінің шешімдерін дәйектер келтіре отырып, негіздейді. Бір-біріні бағалайды....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру