Музыка әлемі 1-сабақ (Музыка, 4 сынып, IV тоқсан)

 Музыка әлемі 1-сабақ  (Музыка, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа саяхат
Сабақ тақырыбы: Музыка әлемі 1-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.1.1-музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру;
4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау;
4.1.2.2 - ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету;
4.2.1.2 – музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданып, қарапайым музыкалық-шығармашылық
жұмыстарды шығару және импровизациялау;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
Музыкалық стилдермен танысады
Музыкалық стилдер туралы постер жасайды
Жаңа ән үйренеді.

Оқушылармен түрлі музыкалық стилдерді қолдана отырып амандасу

1-тапсырма. Талқылау
Бейнеролик көріңіз. Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Музыка дегеніміз не?
- Музыканың стилі, бағыты, жанры дегеніміз не?
- Музыканың стильдері, бағыттары, жанрлары адамзат тарихы бойы неліктен ауысып отырады?
- Болашақта музыка стильдері қандай болады? Неліктен?
Музыка тыңдау.
Музыкалық үзінділерді тыңдаңыздар

1. Шопен Вальс
2. Халық әні «Гүлдариға»
3. Поп музыка Музарт тобының орындауындағы «Қазақтай ел қайда әні»

- Бұл музыка қандай стильге жатады?
- Сізге қай стиль жақынырақ?

Оқушылары 3 топқа бөлу
2-тапсырма. Ақпарат іздеу
Музыканың стильдері, бағыттары, жанрларының заманауи бағыттары туралы ақпарат табыңыз.
Постер дайындап, оны берілген тақырып бойынша қорғаңыз:
1. Халық музыкасының стильдері мен бағыттары, ерекшеліктері, музыкалық аспаптары;
2. Классикалық музыканың стильдері мен бағыттары, ерекшеліктері, музыкалық аспаптары;
3. Поп-музыканың стильдері мен бағыттары, ерекшеліктері, музыкалық аспаптары;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру