Дөңгелек, сектор және сегмент ауданы 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

 Дөңгелек, сектор және сегмент ауданы 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер және дөңгелек. Доғаның ұзындығы. Дөңгелек, сектор және сегмет ауданы (6 с)
Сабақ тақырыбы: Дөңгелек, сектор және сегмент ауданы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): сектор, сегмент аудандарының формулаларын қорытып шығарады және қолданады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- сектор, сегменттің аудандарының формулаларын біледі;
- есептер шығаруда берілген формулаларды қолдана алады.

I Ұйымдастыру кезені
Өткен білімді қайталау
«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен маьериалды қайталау, орындыққа бір оқушы отырады, қалған оқушылар өткен материал бойынша сұрақтар қояды.
Сурет бойынша ауызша жұмыс:
Суретегі фигуралар қандай геометриялық фигуралардан жасалған?
Штрихталған фигуралардың аудандарын қалай табуға болады?
Радиусы 5 см болатын шеңберден қиып алынған сегментті шектейтін доғаның шамасы келесі кестеде берілген. Сегменттің ауданын тап.

Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы және мақсаты анықталады.

II Жаңа материалды меңгеру
Екі радиус пен олардың арасында жатқан доғамен шектелетін дөңгелектің бөлігі сектор деп аталады.

Жұптық жұмыс:
Сектордың ауданын табу формуласын қорытып шығарыңдар:
Дөңгелектің ауданың еске түсіріңдер.
1°-тық сектордың ауданың табыңдар.
Кез келген сектордың ауданың табыңдар.
Қорытынды:

мұндағы r — сектордың радиусы; n — градуспен берілген сектордың бұрышы.

Доға мен оның хордасымен шектелген дөңгелектің бөлігі сегмент деп аталады.

Жұптық жұмыс:
Сегменттің ауданын табу формуласын қорытып шығарыңдар:
Сектор қандай фигуралардан құрылған?
Үшбұрыштың ауданын қалай табуға болады?
Сегменттің ауданын қалай анықтауға болады?
Қорытынды:

Жұмысты аяқтаған соң кез-келген бір оқушы тақтада шешу жолын көрсетеді, қалғандары сұрақтар қояды.
III. Білімді бекіту
Сыныппен жұмыс.
Мұғалім тақтаға есепті оқушылармен бірге талқылап шығарады, есептің шешу жолының жазылуын қөрсетеді.

а) Шеңбердің радиусы 4см-ге тең болса, онда боялған фигураның ауданын табыңдар:

ә) R2=3 болса, онда боялған фигураның ауданын табыңдар:......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру