Координатадағы есептерді шығару 1-сабақ (Б-бөлім) (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

 Координатадағы есептерді шығару 1-сабақ (Б-бөлім) (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Координатадағы есептерді шығару 1-сабақ (Б-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.20 координатадағы қарапайым есептер шығару
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
• жазықтықта координаталары бойынша екі нүкте арасындағы қашықтықты есептеу;
• кесіндінің ортасының координатасын анықтау;
• центрі (a,b) және радиусы r шеңбер теңдеуін жазу;
• бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып теңдеуі бойынша шеңбер сызбасын салу;
• берілген екі нүкте арқылы өтетін түзу теңдеуін жазу;
• бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып теңдеуі бойынша түзу сызбасын салу;
• формулаларды қолдану арқылы есептерді шешеді: екі нүктенің арасындағы қашықтығы, кесінді ортасының координаттары, центрі (a, b) және радиусы r шеңбердің теңдеуі, түзу теңдеуі.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушылар назарларын жинақтау;
2) оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын/оқу мақсатын анықтау;
3) оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтау.

II. Білімдерін жаңарту үшін өткен материалды қайталау. Оқушылар жұптарда координатадағы формулаларды қолдануға есептер шығарады. Мұғалім орындалған тапсырмаларға, координатадағы формулалардың қолданылғандығын көрсете отырып кері байланыс береді.

Бағалау критерийі:
- шеңбер центрі дұрыс көрсетілген;
- шеңбердің радиусы дұрыс анықталған;
- центрі (a,bжәне радиусы r шеңбер теңдеуі дұрыс жазылған.

III. «Өз ойыны.
Оқушыларды түсті стикерлер көмегімен топтарға біріктіріңіз. Әр топ кезекпен тапсырма таңдайды және шығарады. Егер жауап дұрыс болмаса, онда басқа топ оқушылары өз жауаптарын бере алады.

Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, белгісіз элементтерді анықтайды.
Қабілеті төмен оқушыларға консультация түрінде көмек көрсетіліп отырылады.

VI. Білім беру мақсатына қол жеткізу деңгейін бағалау «Құмырсқа илеуі» тапсырмасы көмегімен.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша түсініксіз тапсырма бойынша бір сұрақ жазады. Егер оқушылар қиындық көрмесе, сыныптастар үшін қызықты сұрақ құрастыруы мүмкін. Тапсырма аяқталғаннан кейін оқушылардың жауаптары деңгейіне қатысты кері байланысты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру