Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы 1-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

 Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы 1-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттiк индукция
Сабақ тақырыбы: Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.5.4 - қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы, ЭҚК-ң пайда болуын дәлел келтіре отырып түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: Білімділік:
- электромагниттік индукция құбылысының пайда болуын түсінеді;
- электромагниттік индукция құбылысының пайда болуын талдап, тәуелділікті анықтай алады;
- электромагниттік индукция құбылысының қолдануына мысалдар келтіре алады;
- генераторларды жұмыс жасау принципін түсінеді;
- құралдарың қолданылуын дұрыс бағалай алады.
Дамытушылық:
- танымдылық қызғушылықтарын, зейіндерін, ақыл-ой әрекетін, жоғары ойлау деңгейлерін дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
- берілген тақырып бойынша ғылыми логикалық тұрғыдан пікір білдіре алу.
Тәрбиелік:
- зерделейтін пәнге деген қызығушылықты арттыру;
- жауапкершілікке, сыйластыққа, ынтақтастықта жұмыс жасауға жағдай жасау;
- жаңа материалды игеруде бақылау, зейін қоюға тәрбиелеу;
- топтық және ұжымдық жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту.

Ұйымдастыру:
Оқушылармен сәлемдесу, түшендеу. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Сыныпта жағымды ахуал туғызу. Ол үшін қарапайым ауа-райы мен менің бүгінгі көңіл-күйімді сәйкестендір деген сияқты кішігірім әдіс арқылы сыныпты ұйымдастыруға болады.
Өткен білімді еске түсіру:
Физикалық диктант:
1. Электромагниттік индукция құбылысын түсіндіріңіз. Оны ашқан кім?
2. Магнит ағыны деген не?
3. Тұйық контурға магнитті енгізгенде/шығарғандатоктың пайда болуын түсіндір.

4. Ленц ережесін тұжырымда
Оқушылар берілген сұрақтар бойынша сұрақ –жауап арқылы жауаптарын ауызша түсіндіреді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтығын бағалай алуы тиіс.

Ой қозғау:
Көрсетілім:
Қарапайым генератор.
Шамды қарапайым генератор көмегімен жағып көреміз.

Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талдаңыздар:
1. Осы көрсетілмде қандай энергия түрлендірулері орын алатындығын талдаңыздар?
2. Шамның жарықтығын қалай арттыруға болады?
Оқушылармен талдай отырып, сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру