Атом құрылымы. Резерфорд тәжірибесі. (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

 Атом құрылымы. Резерфорд тәжірибесі. (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомның және ядроның құрылымы
Сабақ тақырыбы: Атом құрылымы. Резерфорд тәжірибесі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.6.2.1 - атомның күрделі құрылысын дәлелдейтін альфа-бөлшектердің шашырауы жөніндегі тәжірибені сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар атом құрылысын түсініп, аталған оқу мақсатының тапсырмаларын толық орындай алады.

Ұйымдастыру кезеңі

Актуализация знаний:
Элементар бөлшектер?
Дене – зат – молекула – атом.
Атомның алғашқы моделі – Томсон моделі. Бұл модельдің ашылу тарихы, модельдің дұрыс және дұрыс емес жақтарын қарастыру.
Неліктен бұл модель жарамсыз болды? Атомды күрделi жүйе деп ұйғарып, оның алғашқы моделiн ұсынған ғалым – Дж.Томсон. Томсон моделi бойынша атом дегенiмiз радиусы шамамен 10-10 м болатын шар. Бұл шардың бүкiл көлемi оң зарядталған, ал терiс зарядталған электрондар оның iшiнде су тамшысының iшiнде жүзiп жүрген түйiршiктер тәрiздi қозғалып жүредi. Томсон моделi атомның бiрқатар қарапайым қасиеттерiн сәттi түсiндiргенiмен көп жағдайда қиыншылыққа тiрелетiн.
Гейгер-Марсден тәжірибесін сипаттау. Қажетті қондырғыларға сипаттама беру. 1909 жылы Гейгер мен Марсден тәжiрибелерінде альфа бөлшектердің 900 үлкен бұрыштарға ауытқитындарын байқайды. Тәжірибенің орындалу жолын қарастыру.

Тәжірибенің негізгі идеясын балаларға түсіндіру.
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
• Неліктен альфа бөлшектер шашырайды?
• Неліктен алтын фольға қойылған?
• Олардың шашырауын қалай байқайды?
Деген сұрақтармен Томсонның және Резерфордтың атом моделі бейнефильмді талқылау.
Резерфордтың қорытындысы бойынша атомның өлшемі шамамен 10-10 м-ді құрайды. Ал оның ядросының өлшемі шамамен 10-15 м-ді құрайды. Алайда атомның шамамен барлық массасы оның ядросында шоғырланған. Осы сөйлемнің соңындағы нүкте шамамен бір біріне жақын орналасқан 2,5 миллион атомнан құралған. Ядроның тығыздығы өте жоғары болып келеді. Ол шамамен 1017кг/м3-ті құрайды. Осындый материалдан жасалған милиметр куб шамамен 100 000 тоннаны құрайды. Атом құрылысы – Күн жүйесінің құрылысына ұқсас болғандықтан, оны «Планетарлық модель»деп те атайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру