Ядролық реакциялар. Радиактивті ыдырау заңы (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

 Ядролық реакциялар. Радиактивті ыдырау заңы (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы, атомдық құбылыстар
Сабақ тақырыбы: Ядролық реакциялар. Радиактивті ыдырау заңы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.11 ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңын қолдану;
9.4.2.2 радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын түсіндіру;
9.4.2.3 радиоактивті ыдырау заңын есеп шығаруда қолдану
Сабақ мақсаттары: - Ыдырау заңының графигімен танысу
- Жартылай ыдырау периоды ұғымын енгізу
- Радиоактивті ыдырау процессінің кездейсоқтық және спонтандылық
қасиетін анықтау
- Радиоактивті ыдырау заңының математикалық өрнегін қорыту
- Ыдырау заңына арналған сандық және графикалық есептер шығару.

1)Ұйымдастыру кезеңі:
2)Оқушылармен сабақтың мақсатын қойып алу және күтілетін нәтижені нақтылау.
3)Терминологиямен жұмыс
Нуклидтердің, аттары мен Z, A, N жазылған және толықтыруды қажет ететін бос торкөздері бар кестелерді таратып, оқушылардың бұл терминдермен таныс екендігіне көз жеткізу керек.
(W) Ядролық раекцияларда жұмыс парағымен жұмыс жүргізу кезінде барлық ядролық реакцияларды типтеріне байланысты классификациялауға болады – бөліну реакциясы, бірігу реакциясы немесе ядролық синтез, жасанды түрленулер, электронды қармап алу, альфа-ыдырау, бета-ыдырау, және т.б.

1)Өткен сабақтың материалын қайталау мақсатында, оқытуды бағалау үшін қалыптастырушы бағалау

2) Радиоактивті ыдыраудың негізгі заңының шынайылығын тексеру тексеру мақсатында кеңсе кнопкаларымен эксперименттік тапсырма орындалады
Жұмыстың орындалу реті:
1. Лотоктың табанына қағаз орамал жайып салады.
2. Кеңсе кнопкаларының белгілі бір санын (50-60 дана) қартон үстіне біркелкі орналастырады.
3. Үстінде кеңсе кнопкалары бар картонды лоток үстінен 15-20 см биіктікте ұстап тұрып, ауаға лақтырып қалып картонды жылдам ала қойады. (Кнопкалар лоток табанында екі жағдайда құлап түсуі мүмкін: 1-тегіс қалпақшасымен немесе 2-үшкір жағымен төмен)
4. Әрбір лақтыру сайын, үшкір жағымен төмен қарап түскен кнопкаларды алып тастап отырып, тәжірибені кнопкалар таусылғанша қайталайды.
5. Нәтижені кестеге толтырады
6.Кнопкаларды лақтыру санының тегіс қалпақшасымен түскен кнопкалар санына тәуелділік графигін тұрғызады. (У-осіне – кнопкалар саны, Х-осіне лақтырулар саны)
7.Интерполяция қолданып, график бойынша неше лақтырулардан кейін кнопкалар саны 2 есе және 4 есе азаятынын анықтайды.
Немесе оқу жоспарында ұсынған әдістемелік нұсқаны орындауға болады.
(E/G) Әр топқа 100 ойын текшесін таратыңыз. Әр текше тұрақсыз ядро болып табылады. Барлық 100 текшені бірге қозғайды. Әрбір «алтыншы» болатын текше ыдырайды және сол текшені алып тастаймыз. Процесс «ыдырамаған» ядролармен жалғаса береді. Оқушылар қалған санны N, барлығы ыдырап кеткенге дейін, айналымның бірнеше санымен өзгеретіндігін жазып алады.
N айналым санына (уақыт рөлін атқарып отырған) тәуелділігі экспоненциалдық ыдырау мағынасына орынды жуықтатуы тиіс және жартылай ыдыраудың тұрақты (дерлік) кезеңінің болуын көрсету үшін пайдаланылуы керек.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру