Азот молекуласы құрылысының ерекшелігі және қасиеттері (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

 Азот молекуласы құрылысының ерекшелігі және қасиеттері  (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды p-элементтері және олардың қосылыстары
Сабақ тақырыбы: Азот молекуласы құрылысының ерекшелігі және қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.36 азот молекуласындағы байланыстың түзілу механизмін түсіну және соған сәйкес молекуланың төмен белсенділігін түсіндіре білу;
Сабақ мақсаттары: -азотқа периодтық кестедегі орны бойынша сипаттама беру;
-азот молекуласының құрылысын сипаттау;
- байланыстың күшті болуы белсенділіктің төмендеуіне әкелетінін түсіндіру.

Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Ой қозғау
Сұрақтар:
1.Ауа құрамындағы газдардың проценттік көрсеткішін атаңыздар.
2.Егер азоттың орнында сутек газы болса, ауа құрамы қалай өзгереді?
3. СО2 неліктен оттекте жанып кетпейді?
4. Неліктен азот газы оттекте жанып кетпейді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалып,қорытындыланады.
Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаты айтылады
Активити 1
Әңгіме-сұхбат жүргізу мақсатында азоттың периодтық кестеде орналасуына сәйкес сипаттама беру үшін оқушыларға ассоциация құру ұсынылады:

Дескриптор: азоттың периодтық кестедегі орналасуына сипаттама береді.
Активити 2.
Жеке жұмыс. Оқушылар алдарында тұрған ақ тақташаларға (немесе ақ параққа) төмендегі тапсырмаларды орындайды:
1. Азот атомының құрылысы: оқушылар жеке және 1 оқушы тақтаға азот атомының электронды-графиктік формуласын бейнелеңіз
2. Оқушылар азот молекуласының құрылымын «нүктелер» мен «айқыштар» диаграммасы арқылы бейнелеңіз.

Дескриптор:
- азот атомының электронды-графиктік формуласын бейнелейді.
- азот молекуласының «нүктелер» мен «айқыштар» диаграммасын дұрыс көрсетеді.

Активити 3
Жұппен жұмыс. Тапсырма: сутегі, оттегі, азот молекулаларының шар өзекті модельдерін құрастырыңыздар.
Сұрақ: Қай молекула өзара берік байланысқан?
Қорытынды жасау: сутегі молекуласының байланыс саны 1, оттегі молекуласының байланыс саны 2, ал азот молекуласының байланыс саны 3-ке тең. Үштік байланыстың түзілуі салдарынан азот енжарлық танытады, байланыстың күшті болуы белсенділіктің төмендеуіне әкеледі.
Топтық жұмыс: бағалау
І топ: Азоттың оттекпен, сутекпен реакциясының жүру жағдайын түсіндіріңіз.
ІІ топ: Азоттың белсенді металмен реакциясының жүру жағдайын түсіндіріңіз.
ІІІ топ: Азот молекуласының нүктелер мен айшықтар арқылы Льюис (нүктелер мен айқыштар) диаграммасын са......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру