Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 1-сабақ (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

 Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 1-сабақ (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық қатынастарды зерттеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар біледі:
оксидтердің, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың анықтамаларын және олардың арасындағы генетикалық байланысты біледі.

Оқушылар мен амандасу, көңіл күйін сұрау, олардың сабаққа деген дайындығын тексеру, сабақ өз деңгейінде өту үшін оларды ынталандыру. Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар топтарға бөлінеді, және топпен жұмыстануға дайындалады.
Оқушылар тапсырманы орындайды. Берілген тапсырманы әр топ алады:
1- Берілген қосылыстарды кластарға бөліп, атау беріңіз.
2- Ерімейтін негіздерді көрсетіңіз.
3- Ерітін негіздерді көрсетіңіз.
Нұсқа Заттардың химиялық формуласы
1. CaSO3, BaO, H2SO4, Fe(OH)3, Ba, SO3, BaCl2, Ba(OH)2, H2, HBr.
2. S, HNO3, ZnCl2, SO2, Cu(OH)2, Na2SO3, H2O, H2SO3, LiOH, CaO.
3. CuO, H3PO4, C, H2CO3, CO2, Ca(OH)2, K2CO3, CuSO4, Fe(OH)2, N2.
4. SiO2, K2O, Mg(OH)2, Si, NaOH, H2SiO3, Na, AgCl, K2SiO3, Al2O3.

Тапсырмалар орындалып, әр топ жұмыстарын жауап пен салыстырады.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды,
Өтілген тақырыптар бойынша және осы сабаққа тиісті оқылған мәліметтерді қысқа қайталау, сол арқылы оқушылар тақырыпты жақсы меңгереді.
«Генетикалық байланыс дегеніміз - Жай және күрделі заттардың барлығының өзара байланысы және бірін-біріне айналуы.»
Металдар үшін генетикалық байланыстың бір мысалы :
металл – негіздік оксид – сілті - тұз
K—K2O—KOH—KCl.
металл – негіздік оксид - тұз - ерімейтін негіз
Сu → СuО → СuCl2→ Сu(OH)2

Бейеталдар үшін генетикалық байланыстың негізі бейметалл элементі. Оны төменгі үлгідей беруге болады:
Бейметалл – қышқылдық оксид – қышқыл – тұз
P—P2O5—H3PO4—Na3PO4.
Реакция теңдеулері оқушылар арқыла тақтаға жазылады, олар өздері жазғн реакцияларды бағалайды........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру