Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы арасындағы байланысын орнату (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

 Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы арасындағы байланысын орнату (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс
Сабақ тақырыбы: Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы арасындағы байланысын орнату
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының арасындағы байланысын орнату
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы байланысын анықтайды
Көпшілік оқушылар:
бұлшықет түрлерінің толық салыстырмалы сипаттамсын жасайды;
Кейбір оқушылар:
Бұлшықеттердің екі түрін жаттықтырудың жолдарын ұсынады.

Сабақ басында:
Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын талдау
Оқушылармен бірлесіп жетістік критерийін анықтау
Оқушыларға жылдам және баяу бұлшықет талшықтарын салыстыруды және айырмашылықтарын түсіндіруді ұсыныңыз.
Сабақтан бірнеше сағат бұрын тауықтың төс және сан бұлшықеттерін препарациялап және кейін салыстыруға әзірлеп қою қажет.

Тапсырма 1 - жеке жұмыс
Салыстыру кестесін толтыру үшін оқушыларға ақпараттар ұсыныңыз. Бұлшықет талшықтарын салыстыру білгілері:
- түсі;
- ағзада орналасуы;
- энергия көзі;
- майдың болуы;
- жиырылу жылдамдығы.

Тапсырма 2 - жұппен жұмыс
Оқушыларға әр алуан спорттың түрлері туралы бейнеролик көрсетіңіз және спортсмендердің әр тобы өкілдерінде жақсы дамыған бұлшықет талшықтарының түрлерін анықтауды ұсыныңыз.
Топтарда Олимпиада ойындарын (жүгіру, жүзу, бокс, шанга, велосипед споры, күрес, шаңғы спорты) талқылауды және қай спортшыларда баяу/жылдам бұлшықеттер жақсы дамығанын анықтап, тізімін жасауды тапсырыңыз.
Спортшылардың денесінің бұлшықет түрлерінің пропорциясын анықтап қарау үшін оқушыларға кейбір қазақстандық чемпиондардың фотосуреттерін ұсыныңыз.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру