Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

 Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қайта өрлеу дәуірі
Сабақ тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.3 - Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау;
6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;
Сабақ мақсаттары: Қайта өрлеу дәуірі мәдениетін суретшілер мен мүсіншілердің еңбектері арқылы сипттау және гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау.
БЫМ/Б Сабақтың тақырыбының әріптерін орнын ауыстырып жасыру арқылы, сабақ тақырыбын анықтату.
айтҚа уөрле рідәуі өіңрдне ынудам айқал тертөзгі? Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.
Б.Ұлыбританиялық Бірінші Яковтың суретін және Ұлы Моғол императоры Джехангирдің суретін көрсету.
Оқушылардан суреттерді мұқият қарауды және бойларында қандай сезім пайда болғандығын сұрау. Осыдан кейін оқушылар төмендегі сұрақтарды жұппен талдайды:
«Берілген екі сурет негізінде еуропалық бейнелеу өнері Үндістанның Ұлы Моғолдық бейнелеу өнеріне әсер еткендігін қалай түсіне аламыз?» деген сұрақ төңірегінде талқылау жасату.
Ж. Қайта өрлеу дәуірінің және Моғолдардың түрлі-түсті суреттерін оқушыларға таратып, суреттердің қайсысы еуропалық, қайсысы моғолдық екенін анықтату және неге олай анықтағандықтарын түсіндіруді сұрау.
Жұптардан төмендегі критерийлерге сәйкес кестені толтыра отырып суреттердің ортақ белгілерін анықтауды сұрау:
1.Сурет атауы
2. Перспективасы (сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігі немесе оның жоқтығы)
3.Сюжеттің сипаты (зайырлы әлде діни)
4.Суреттің бөлшектерін талдау (нимба, путти)
5.Реализмнің деңгейі
Б. Бүкіл сыныппен Моғолдар мен Қайта өрлеу дәуірінің бейнелеу өнерін талқылап, «Ұлы Моғолдар империясының суретшілері гуманизм идеяларын қалай түсінді?» тақырыбында мини-эссе жазу тапсырмасын ұсыну.
Дескрипторлар:
• Еуропалық бейнелеу өнері Үндістанның Ұлы Моғолдық бейнелеу өнеріне әсер еткендігін қалай түсіне аламыз?» деген сұрақ төңірегінде талқылау жасайды;.
• Берілген критерийлерге сәйкес кестені толтыра отырып Қайта өрлеу дәуірінің және Моғолдардың түрлі-түсті суреттерінің ортақ белгілерін анықтайды;
• «Ұлы Моғолдар империясының суретшілері гуманизм идеяларын қалай түсінді?» тақырыбында мини-эссе жазады;......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру