Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

 Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылыми революция
Сабақ тақырыбы: Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.4.2 - жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау;
6.2.4.1 - адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтап, адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру.
БЫМ/С Оқушыларға еуропалық астроном Николай Коперниктің құрметіне Варшавада салынған ескерткіштің суретін көрсету. Ескерткіштің кімге және неге арналғандығы туралы өз болжамдарын талқылауды сұрау. Күн жүйесі туралы анимация, плакат немесе моделін көрсетіп, гелиоцентристік теорияны (яғни, Жер Күнді айналады) түсіндіру, сонымен қатар, оқушылардың назарын Коперник өз теориясын жариялауға шешім қабылдағанда ол тәуекелге бел буғанына аударту.
Суретті көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтатып, мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.
Б «Коперниктің идеясы ерекше болды ма?» деген сұрақты талқылату. (шын мәнінде ерекше болған жоқ- ежелгі грек философы Аристарх Жер Күнді айналады деген идея ұсынған, бірақ оның идеясы Коперник өз ұсыныстарын жариялағанға дейін қолдау таппаған еді).
Коперник өлімінен кейін оның идеяларына не болды?
М. Галилео, Коперник, Кеплер және Бруноның суреттерін көрсетіп, «Оларды не біріктіреді?» сұрағын қою. Коперник өз идеяларын жариялағаннан кейін екі айдан соң қайтыс болғанын, олардың шіркеу тарапынан сынға алынып, алпыс жыл бойына елемеушілікке ұшырағанын әңгімелеу. Оқушыларға Кеплер мен Галилейдің өмірін зерттейтіндерін, олардың Коперниктің болжамының шындық екенін (Күннің айналасында жер орбитасының бар болуы) дәлелдеуге көмектескендігін түсіндіру.
Т Оқушыларға топпен Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Джордано Бруноның өмірі мен қызметін зерттеуді ұсыну.
Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Джордано Бруно, Николай Коперниктің қысқа өмірбаяны жазылған материал тарату. Өмірбаянды оқи отырып, тұлғалардың ғылыми және ғылыми емес қызметтерін анықтатып, мәтінде түрлі түспен белгілету.
Ж. Оқушылар топтардың жариялаған ақпараттарын кестеде жеке орындайды.
Дескрипторлар:
• «Коперниктің идеясы ерекше болды ма?» және Н.Коперниктің «Жер күнді айнала қозғалады» деген идеясы несімен ерекшеленді? деген сұрақтар төңірегінде талқылау жасайды;
• Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Джордано Бруно, Николай Коперниктің ғылыми және ғылыми емес қызметтерін анықтайды;
• Оқушылар топтардың жариялаған ақпараттарын кестеде жеке орындайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру