Ежелгі рим қоғамы римдік мәдениеттен қалай көрініс табады? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

 Ежелгі рим қоғамы римдік мәдениеттен қалай көрініс табады? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Рим империясының гүлденуі
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі рим қоғамы римдік мәдениеттен қалай көрініс табады? 2-сабақ
Оқу мақсаты:5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдастыру табиғатын сипаттайды
5.2.2.3 Ежелгі әлемнің өнерін сипаттайды
Сабақтың мақсаты:• Ежелгі Рим мәдениетінің ерекшеліктері меноның әлемдік мәдениетке әсерін анықтау.
(ПСМ) Оқушыларға римдік мәдениет туралы суреттер топтамасын көрсетіңіз /мифология, сәулет өнері, дін және т.б./
• Бұл суреттер бір-бірімен қалай байланысты?
• Римдіктердің қандай жетістіктерін білесің? (су бұрқақтары, моншалар, амфитеатрлар, жолдар және т.б.)
Оқушылар суреттерді пайдаланып, алдыңғы білімдеріне сүйене отырып шағын әңгімелер құрады
(дифференциация)
Балалар, бүгінгі сабақта біздер римдік қоғамның құрылуы, Рим мен Империяның басқарылуы, Римдегі патриций мен плебейлердің құқықтары және ежелгі римдіктердің жетістіктері туралы білеміз.

Мұғалім түсіндіреді.
Рим қоғамы патриций мен плебейлерден тұрды. Патриций-ақсүйектер – бұл белгілі рим тайпаларынан шыққандар, Ромулмен бірге қаланы жеті белесте құрғандар, ал плебейлер – бұл кейін келгендер, атақты емес, дегенмен, уақыт өте келе олардың арасынан да өздерінің тайпалары, өздерінің тектері, өздерінің бай отбасылары шыға бастады, олар да билікке талпынды. Плебейлер саны уақыт өте патрицийлерден көбейе бастады. Олардың арасында күрес пайда болды.
(Т) Мәтінмен жұмыс.
Тапсырма. Патрицийлер мен плебейлердің құқықтарын анықтаңыздар.
Тапсырманың жетістік критерийлері:
Оқушылар патрицийлер мен плебейлердің кем дегенде 3 құқығын көрсетеді.
(Т) Иллюстрациялармен жұмыс.
Жұпта Ежелгі Римнің сәулет құрылыстарының суреттерін беріңіз (Троя бағанасы, римдік Форум, Колизей, Пантеон, Сатурн ғибадатханасының бағанасы )
(Ж) Тапсырма: Суреттерді зерттеп, Ежелгі Римнің сәулет ескерткіштері туралы әңгіме құрыңыз.
• Олар сендерге қалай әсер етті?
• Бұған қалай жетеді?
• Рим құрылысшылары әлемдік сәулет өнеріне қандай үлес қосты?
Тапсырманың жетістік критерийлері:
Оқушылар рим мәдениетінің еуропалық өркениетке қосқан үлесін дұрыс анықтайды.
(Т) Интернет ресурстармен жұмыс.
Әр топ өз саласының ерекшеліктерін анықтайды. Жұмыс қорытындысы ретінде постерді толтырады.
1 топ – сәулет және мүсін өнері
2 топ –бейнелеу өнері, поэзия
3 топ – ойын-сауық (гладиаторлардың күресі), римдік құқық.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру