Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

 Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим дәуірлер тоғысында
Сабақ тақырыбы: Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.4.1 ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау
5.2.2.3 Ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру
5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Ежелгі дүние мәдениетінің жетістіктерін анықтау.

Миға шабуыл.
Оқушылармен бірге келешек ұрпаққа хат жазыңыз, оны құтыға салып, осы хаттың болашақ үшін қандай маңызы болатыны туралы сұраңыз.
Қоғам өмірінде хат-хабарды (ақпаратты сақтау және алмасу, коммуникация, әдебиет, заңдар) қолданудың үлгісін жасау бойынша топтар арасында сайыс ұйымдастырыңыз
Бұл тапсырма оқушыларға түрлі өркениеттердің бір-бірінің идеяларына қаншалықты негізделе алғанын зерделеуге мүмкіндік береді. Олар сауданың арқасында бір-бірімен идея алмасып отырған. Адамзат бір-бірінен шалғай орналасқан өркениеттерде ұқсас тұжырымдамаларды (жазу секілді) дамытты. Пиктограммалар сөзді құрайтын дыбыс немесе фонемалар тобы емес, тұтас сөздерді білдіретін символдар болып табылады.
Ежелгі Шумердегі жазу үлгісін, қытай иероглифін, финикий жазуын көрсетіңіз,.
Қай жазу үлгісі түсініктілеу, неге?
Иероглифтік және алфавиттік жазудың ерекшеліктері жайлы әңгімелеңіз және мына сұраққа жауап беріңіз: шумерліктер не туралы жазды, неліктен ежелгі жазуларды түсіну, оқу қиын?
Әр оқушыға тік төртбұрыш түріндегі қыш кесегін немесе ермексаз бен үшкір таяқшалар беріңіз. Олар форма, стиль, логограмма, алфавит әріптерімен бірнеше минут сынақ жүргізіп, хаттың ежелгі жазбаға ұқсас формасы мен стиліне қарай бір нәрсе жазуы керек.
Топтарға «Ежелгі дүние ғажайыптарының арасындағы Еленаны ұрлау панорамасы» суретін көрсетіңіз, мұның «Әлемнің жеті кереметі туралы топтамадан» екенін айтпаңыз.
Жұптардан суретте не болып жатқаны туралы болжамдарын талқылауын сұраңыз. Қысқаша талқылаудан соң бірнеше жұптан сыныпқа идеяларын айтуын сұраңыз.
Оқушыларды топқа бөліп, оларға әлемнің жеті кереметін бір немесе екеуден зерттеуге бөліп беріңіз. Оларға өз зерттеу нысандарының ұлылығы мен маңыздылығы жайлы мәліметтер жинау қажеттілігін түсіндіріңіз.
Оқушылардан әлемнің жеті кереметінің біріне саяхат үшін жарнама жазуын сұраңыз.
Суреттерге қайта оралып, оқушылардан әлемнің жеті кереметінің қайсысын атай алатынын, бұл ұғымды алғаш кім енгізіп, сипаттағанын сұраңыз.
Топтардың өз тұжырымдарын сыныпқа айтуын, содан кейін берілген нысан бойынша дәлелдері нақты болған үш зерттеу жұмысына дауыс беруді сұраңыз.
Қазіргі әлемді жасаған ежелгі адамдар ма
Қазақстан ежелгі өркениеттердің өнертабыстары мен технологияларына арналған арнайы ескерткіш маркаларын шығарғалы жатқанын айтыңыз. Топтар ежелгі технологиялар, өнертабыстар туралы зерттеу портфолиосын (папкасын) құрастырып, қандай да бір өнертабыстың маңыздылығын дәлелдеуі қажет.
«Тарихи маңыздылық» терминін талқылау; портфолио құрастыру бойынша іс-әрекеттің табыстылық критерилері: үздік портфолионың бөліктері қандай болады? дереккөздерді іріктеуге қатысты ережелер қандай? жұмыстың форматы қандай болуы керек?
Зерттеуге және есеп жазуға уақыт беріңіз. Белгіленген уақыттан соң оқушыларға өз портфолиосын сыныпқа таныстыруын сұраңыз.
Оқушылармен ежелгі дүниенің қандай өнертабыстары барынша маңыздырақ екенін шешу үшін жұмыстың қай элементі барынша қажетірек екенін талқылаңыздар.
Оқушылар ежелгі дүниенің өнертабыстары, ғылыми жаңалықтары және технологияларының маңыздылығын дәлелдейтін фактілерді анықтайды
Жеті керемет: Ұлы Гиза пирамидасы; Вавилонның аспалы бақтары; Эфестегі Артемида ғибадатханасы; Олимпиядағы Зевс мүсіні; Мавсол мазары (Галикарнастағы кесене); Родосс алыбы және Александрия шамшырағы. Олар саяхатшыларға арналған ежелгі мәтіндерге инженерлік іске, өнер мен сәулет өнерін үйрену үшін баруға кеңес берілетін орындар ретінде қосылған....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру