Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

 Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A. Қос дөңгелекті күйме арбалар мен империялар
Сабақ тақырыбы: Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;
5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Вавилонның қуатты империяға айналуындағы Хаммурапидің қызметін бағалау.
Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу. Алғашқы білімдерін еске түсіру (1 минут).

Хаммурапи заңдары мен ҚР Конституциясын олардың мағынасын айтпастан көрсету. Екі суреттің арасындағы байланыс және заңдардың мемлекет үшін маңызы жайлы оқушылардың пікірін тыңдау (2 минут).

Тақырыпты (оқушылар жазып алады) және сабақ мақсатын айту (1 минут).
Саргон I патшаның Аккад империясы тек 200 жыл ғана өмір сүріп, Месопотамияға басқа империялардың бақылау орнатқандығын түсіндіру. Бірінші Вавилон, Хетт, Ассирия, Екінші Вавилон және Парсы патшалықтары бейнеленген уақыт сызығын көрсету. Аталған империялардың басшылары өз елдерін келесідей нәрселерге негізделе отырып басқарғандығы жайлы әңгімелеу:
• Заң;
• Жақсы ұйымдастырылған әскер;
• Патшаның беделі.
Оқушыларға келесі нәрселерді айту:
• Хаммурапи өз билігі тұсында Месопотамияны біріктірді (б.з.б. 1793-1750 жж.);
• Хаммурапи қоғам өмірін реттейтін әрі адамдарға жаза түрлерін тағайындайтын заңдар шығарды.
(Зерттеу нәтижесінде оқушылар келесідей тоқтамға келуі керек: Хаммурапи империясының жетістікке жетуі оның шығарған заңдарының арқасында орын алды) (5 минут).

Оқушыларды бірнеше топқа бөлу (2 минут).

Топтық жұмыс. Әрбір топ зерттеу жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап берулері қажет:
• Хаммурапидің заңдары қаншалықты әділ болды?
• Заң алдында бәрі тең бе еді?
• Бұл заңдарда діни сенім көрініс тапқандығы жайлы қандай дәлелдер бар?......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру