Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

 Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар: Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.)
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені.
Оқу мақсаттары: 9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау.
9.3.2.1 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау.
Сабақ мақсаттары: XX ғ. ІІ ж. әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдап, дүниежүзі тарихы контекстінде қарастыру.
М Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Қазақстан территориясындағы экологиялық проблемаларды сипаттайтын видеоролик көрсету.
Берілген үзіндіден тақырыпқа шығу. 00-0.45
(М) Сабақ мақсатымен, жетістік критерийлерімен таныстыру.

Б (Ж) Мәтінмен жұмыс
Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы, әскери-өндірістік кешеннің қалыптасуы тақырыбына байланысты мәлімет таратылады.
Зерттеу сұрақтары:
1. Қазақстан территориясында қандай өнеркәсіп орындары салынды? Бағыты?
2. Одақ көлеміндегі өндірістің үлесі? Қазақстанға әкелген пайдасы және зияны? Кем дегенде 2 мәлімет келтір.
3. Қандай экологиялық проблемалар туындады? (Каспий теңізінің, Арал, Балхаштың экологиялық проблемасы)
(Т) Пікір-талас (ақпараттты іздестіру негізінде ноутбуктермен қосымша жұмыс жасайды)
«Тәуелсіз Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы дұрыс шешім болды/ болған жоқ» тақырыбына пікірсайыс өткізуді ұсынамыз. Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа дайындалуға қажетті мәтіндер, (ноутбуктер болса Ғаламтордағы мақалаларға сілтемелер адресін) беріңіз.
Дескриптор:
1. 2-ден кем емес нақты дәйек келтіреді.
Жинақы қорытынды жасайды. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру