Қазақстандағы ұжымдастыру (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

 Қазақстандағы ұжымдастыру (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы ұжымдастыру.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.1.2. күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау;
8.1.1.1. демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;
Сабақ мақсаттары: Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру негізінде 1929-1931 жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін түсінеді.
БСМ.Оқушылармен берілген сурет бойынша диалог құрыңыз.
Мына сурет қай жылдарға қатысты?
Неліктен адамдар жол үстінде бейнеленген? Мұны немен түсіндіруге болады?
Олар қайда кетіп барады?
Бұл суреттегі ақпараттың құндылығы неде?
Мына сурет қай жылдарға қатысты? Неліктен адамдар жол үстінде бейнеленген? Мұны немен түсіндіруге болады? Олар қайда кетіп барады? Бұл суреттегі ақпараттың құндылығы неде?

М Сабақтың тақырыбы бойынша «Ұлы» нәубет» (аштық) ұғымына тоқталып, түсініктеме беріңіз. Презентациялық материалдар қолданып тақырыпқа қысқаша шолу жасатыңыз.
Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды?
Зерттеу және талдау:
І топ. Естеліктердің негізінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы жағдай бойынша постер жасату;
Сол аштық жылдарынан жеткен бір жазбада: «Ит пен мысықты ұрлап, сойып – жеу, шын мәнінде, індетке айналды. Осынау «бір кесім ет үшін» бірінің жағасын бірі жыртқандар жыртылып айырылды. Қу құлқыны үшін, бір хайуанның соңынан бірнеше адам жүгіріп бара жатады. Қалайда тірі қалудың қамын жасап, жансебілдікпен жанталасқан әлгі адамның өмірге құштарлығын түсіну үшін оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезіндегі қуанышын көрсеңіз ғой, аштықтың қасіретті сайқымазағын сонда түсінесіз. Жол жиегінде өліп жатқан, өліп бара жатқан адамдарға әлгі «жансебілдердің» өзі қарауға қорқады, өйткені келесі сәтте оның өзі де соның кебін құшуы мүмкін. Иә, ол да ғажап емес… Сотта, бірде аштық сотта тұрақты түрде адамның етімен қоректенген үш адамның ісі қаралып жатса, келесі де адамның етін пұттап сатқанға үкім шығарып жатпады. «Кешке жақын көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсіресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар. Аштар өлгендердің етін жеп жатыр» – деп жазылған.

«Әсіресе, қазақтардың өзара бір-біріне көмектесу қабілеті шектелді. Бай-кулактарға қарсы күрес қатыгездікпен өрістеп халыққа қиын кезде көмектесетін ауқатты адамдардың көзі құртылды. Сеңдей соғылысып ашыққан адамдар бет ауған жағына сенделіп, қайыр тілеп, ит-мысыққа дейін сойып жеп, теректердің қабығы мен сабанға дейін қорек етті. Тіпті, аштық есінен адастырғаны соншалық адамның етін жеуге дейін барды деген дақпырт та болды…». («Ана тілі» газеті, 7-13 маусым, 2012 жыл, № 23 (1124), 3-бет)

Мұндай ауыртпалық қасіретін тартқандардың тағы бірі – тарихшы Ермұхан Бекмаханов. 1932 жылы ол анасы Бҽпіш пен қарындасы Қапияштан айырылғаны туралы мҽліметтер қалдырса, Кеңес Одағының қос батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің тағдыры да ашаршылық және саяси қуғын – сүргін тарихымен сабақтас екендігі өз жазбаларынан белгілі. Әлия Молдағұлованың (өзінің тегі Сарқұлова –Б.А) анасы Маржан Молдағұлова (1898-1933) «күздің қара суығында егіс алқабынан картоптың қалдығы – келдек теруге барғанда, қарауылдың қаруынан оққа ұшады...» Ол кезде Әлия небәрі 8 жаста екен. Ал Мәншүк Мәметованың әкесі – Ахмет Мәметов (1895- 1938) Алашорда қайраткері, ағартушы, ақын, журналист, дҽрігер. 1937 жылы «бұрынғы Алашорда қайраткері, антикеңестік тобының мүшесі» деген айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілген еді.

«Константин Бугаев, Семей облысы: «Нағыз аштық 1932 жылы басталды… Ауыл-селоларға қайыр сұраған босқындар толып кеткен. Ал аштықтан өлгендердің мәйіттері бір қабірге көмілген. Өлгендердің қалталары ақшаға толып тұрса да, оған сатып алатын ештеңе болмаған» және де «Зейтін Ақышев: «Жаз шықты. Азық таусылды. Ендігі күніміз қараң. Ертеңіміз тіпті үрейлі. Бұл – 32 жылдың шілдесі. Менің алатын 24 сомым төрт адамның жұтқыншағына жұқ болмайды және оған табылып жатқан тамақ жоқ» деп жазады.

ІІ топ. Құжатпен жұмыс: деректің шығу тегі мен мақсаты негізінде құндылығы мен шектеулігін анықтату.
Нұсқаулық: оқушы деректің атауына, авторына,жылына,шыққан жеріне(баспасы)қарап шығу тегін анықтаса, мазмұнына қарап мақсатын анықтайды. Ал, шығу тегі мен мақсаты негізінде деректің құндылығы мен шектеулігін анықтайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру