1822-1824 жж. патша реформалары 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

 1822-1824 жж. патша реформалары 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: 1822-1824 жж. патша реформалары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.4 – Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;
7.1.2.1 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау
Сабақтың мақсаты: 1822-24 жж жарғылары нәтижесінде Қазақстанда болған әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіну.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Топтастыру.
Қазақ хандығының әкімшілік құрылымының алғашқы 4 сатысы: ауыл, ата-аймақ, ру, арыс бөліктері бойынша топтастыру.
Ой шақыру.
БЫМ Оқушыларға Ресей империясы мен Қазақ хандығы билеушілерінің тәждерінің суреттерін көрсету. Талқылау ұйымдастыру.
-Суреттен қай мемлекеттер билеушілерінің тәждерін
көріп тұрсыздар?
(Ресей, Қазақ хандығы)
-Өзімен тең дәрежедегі билеушісі бар мемлекетті басқа мемлекеттің билеушісі басқаруы мүмкін бе?
(Мүмкін емес, мүмкін болған жағдайда кедергі
қиындық көп болады)
- Қалай ойлайсыздар, оқушылар? Қандай жағдай қалыптасуы мүмкін?
(Ресей мемлекетінің патшасы Қазақ хандығының билеушілерін биліктен аластатуы мүмкін)
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
(М) Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
 Тарихи концепт (фокус): Себеп-салдар
Зерттеу сұрағы: Неліктен XX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстанда әкімшілік реформалар жүргізілді?
Жаңа сөздермен жұмыс.
(Б) Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады. Алдымен тақтаға жаңа ұғымдар мен сөз тіркестері жазылған карточкалар ілінеді. Ал оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы жазылған карточкалар таратылып, олардың мазмұнын оқып шығуға мүмкіндік беріледі. Мұғалім сонан соң оқушылардан тақтадағы жаңа ұғымдардың атаулары карточкадағы сөздердің қайсысымен сәйкес келетіндігі туралы сұрайды. Жаңа сөздердің мағынасын дұрыс таптым деген оқушы жауабын оқиды, егер ол жауап дұрыс болған жағдайда (мұғалім жауаптардың дұрыс/бұрысын тыңдап тұрады) тақтадағы жаңа ұғымдардың біріне сәйкесінше орналастырады. Ал уақыт тығыз болған жағдайда уақытты тиімді пайдалану үшін мұғалімнің жаңа ұғымдарды қысқаша түсіндіріп кетуіне де болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру