Қазақ-жоңғар соғыстары 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

 Қазақ-жоңғар соғыстары 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ-жоңғар соғыстары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.1 – Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Аңырақай шайқасының тарихи маңыздылығын анықтау.
Б Оқушылармен бірге өткен материалды қайталау жұмысын жүргізіңіз. Келесі сызбаны қолданыңыз (Қосымша 1)
Б Зерттеу сұрақтары:
Аңырақай шайқасының тарихи маңыздылығы неде?
Т Мәтінмен жұмыс. Оқушылардың алдыңғы білімдерін қолдануын ескертіңіз.
Қосымша ақпараттық материалдарды (Қосымша 2) қолдана отырып келесі жұмысты ұйымдастырыңыз:
1 топ – оқушылар стикердерге тарихи фактілерді, оқиғаларды жазады;
2 топ – құрылтайлар туралы негізгі ақпаратты жазып, 3 топқа береді;
3 топ – тарихи тұлғалар туралы ақпарат жинақтап, 4 топқа береді;
4 топ – тақырыпқа сай маңызды түсініктер мен терминдерді теріп жазып, 5 топқа береді;
5 топ – жоңғар шапқыншылықтарының себеп-салдарын анықтап, 1 топқа береді.
Т Әр топ өзінің жұмыс нәтижелерімен бөліседі. Бір-біріне сұрақ қойып, жауаптарын қажеттілігіне қарай толықтырады.
Талдау мен зерттеу
Б Берілген сабақта оқушылар Аңырақай шайқасының тарихи маңыздылығын анықтайды. Оқушылар Аңырақай шайқасының қазақ-жоңғар соғысында түбегейлі бетбұрыс болғандығын дәлелдеп шығуы керек. Тарихи оқиғаның маңыздылығын анықтау үшін келесі критерийлерді қолданыңыз:
критерии 1
Егер оқиғалар, адамдар немесе құбылыстар белгілі бір өзгеріске әкелсе, онда олар маңызды болып табылады.
критерии 2
Егер оқиғалар, адамдар немесе құбылыстар мәселенің басқа астарын ашса, онда олар маңызды болып табылады.
критерии 3
Тарихи маңыздылық өзгермелі. Белгілі бір кезеңде оқиғаның маңыздылығы зор болса, уақыт өте келе оның маңыздылық деңгейі төмендеуі мүмкін. Оған түрлі факторлар әсер етеді. Оқушылар Аңырақай шайқасын әр критерийлер негізінде талдап, оның маңыздылығын дәлелдеу үшін түрлі дәйектер келтірулері тиіс. Оқушылардың жауаптары негізі болуы қажет.
Әр топтың оқушылары өз талдауларын түсіндіріп, сынып алдында сөз сөйлейді. Әр топтар өз жұмыс нәтижелерімен бөлісіп болғаннан кейін, бүкіл сыныптық дауыс беруді ұйымдастырыңыз. Ұпайлар саны 1-ден 5-ке дейін болады. Соңында барлық ұпайларды жинақтап, оқиғаның маңыздылығы бойынша қорытынды жасаңыз......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру