Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай белгілі? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

 Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай белгілі? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай белгілі?
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: түркі жазуының тарихи маңыздылығын түсіндіру
VI-IX ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру
Сабақтың мақсаттары: түркі руна жазуының тарихи маңыздылығын түсінеді.
Б Оқушыларға қызығулықтарын арттыру мақсатында түркі жазуы бар сурет көрсетіледі.
Сурет бойынша оқушылар өзара пікір алмасып, бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды.
М Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттары, жетістік критерийлері хабарланады.
Зерттеу
Т Сыныпқа сандық білім ресурстарынан көне түркі жазулары мультимедиялық сюжет көрсетіледі.
Не көрдіңдер?
Не сездіңдер?
Не ойладыңдар?
Не ұқтыңдар?
Оқушылар Білге қаған, Күлтегін мен Тоныкөк туралы негізгі ақпаратты дәптерлеріне жазып алады, өзара пікір алмасады.
Т Әр топқа бірдей Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштерінен үзіндісі бар мәтіндер беріледі (оқылым дағдысы). Алдын ала таратылған карточкалардағы сұрақтар бойынша оқушылар жауаптарын А3 қағазына жазады:
-Түркі жазбаларында көрші елдермен байланыс қалай сипатталады?
-Түрік қағанатының әскері қандай болды?
-Күлтегін мен Білге қағанның батырлығы қалай көрсетілген?
-Күлтегін жазуы қандай әдеби жанрға жатады ?
-Халыққа берген өсиетінде негізгі ой қандай?
(Сұрақтарды слайд арқылы тақтаға шығарып қойыңыз)
Кейін әр топтың қағазы кезекпен барлық топтарға жіберіледі де әр топ сондай жауап болса «+», жазылмаса «-» белгісін қояды. Бірінші топ қорғайды, қалғандары толықтырады.
Д Оқушыларға түркі жазуы, Күлтегін жыры туралы мәтін беріледі. Мәтіннің мазмұнына сәйкес 2 сұрақ (жеңіл және күрделі) құрастырады. Құрастырған сұрақтарын бір-біріне қояды. Сұрақтар ойлаудың жоғарғы деңгейіне сәйкес келуіне назар аударыңыз (орыс сыныптарына бір- екі сұрақтың үлгісін беруге болады). Оқушылардың сұрақ қою және жауап беру дағдыларының дамуына көңіл бөлінеді.
Д/Т Оқушылар жұпта, сосын топта түркі жазуының тарихи маңызына кем дегенде 2 дәлел келтіреді. Топтар бір- бірін бағалайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру