file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қарахан мемлекеті 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

 Қарахан мемлекеті 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттері
Сабақ тақырыбы: Қарахан мемлекеті 3-сабақ
Сабақ мақсаттары: Қарахан мемлекетінің ерте орта ғасырлардағы мемлекеттерден ерекшелігін талдайды, ислам дінінің қоғамға әсерін зерттейді.
Б Ұйымдастыру.
Ортағасырлық мешіттердің, кесенелердің, моншалардың суреттерін көрсетіп, тақырыпқа болжау жасатыңыз.
Атлах шайқасымен байланыстыра отырып, жетелеуші сұрақтар қойыңыз: Атлах шайқасы қандай өзгерістер алып келді? Бұл өзгерістер қай салаларға көбірек әсер етті?
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
(М) Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқу мақсаттары арқылы бағалау критерийлерін оқушылардың өздеріне құрастыруға беруге болады.
Зерттеу және талдау
Т 1-тапсырма. Қарахан мемлекетін ерте орта ғасырлардағы мемлекеттермен ( немесе бір мемлекетті таңдап алып) салыстырып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтаңыз:
1-топ. Саяси дамуы
2-топ. Жер иелену ерекшеліктері
3-топ. Мәдениеті
4-топ. Шаруашылығы
Әр топ өз жұмыстарының нәтижелерін постерге Венн диаграммасында орындап, қорғайды. (Әр топқа 3 минут.)
Бағалау критерийі: Қарахан мемлекетінің даму ерекшеліктерін анықтайды.
Дескрипторлар:
Әр сала бойынша Қарахан мемлекетінің екі ерекшелігін анықтайды;
Әр сала бойынша Қарахан мемлекетінің екі ұқсастығын көрсетеді.
Т 2-тапсырма. Қарахан мемлекетінің аумағын анықтау.
Қарахан мемлекетінің аумағын кескін картаға түсіру.
Оқушыларға Қарахан мемлекетінің аумағы туралы шағын мәтінді беріп, соның негізінде аумағын көрсетуді тапсырыңыз. Саяси картасын көрсетіп дұрыс жауабымен салыстырыңыз.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру