Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

 Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі 2-сабақ
Сабақ мақсаты: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы рөлінің маңызын анықтау.
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Ж 1-тапсырма. Бейнематериал бойынша сұрақтарға жауап беру керек. Сұрақтарды алдын-ала таратыңыз.
• Ұлы Жібек Жолы қай ғасырға жатады?
• Ұлы Жібек жолының қандай сауда жолдары болды?
• Бұл сауда жолдары арқылы қандай тауарлар тасылды?
• Қазақстанның шығысына шығатын басты қақпа?
• Қазақстанның батысына шығатын басты қақпа?
• Ұлы Жібек жолы қандай ортағасырлық қалалар арқылы өтті?
• «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағдарламасының авторы кім?
Бағалау. Мұғалімнің бағалауы
Бағалау критерийі: Ұлы Жібек жолының бағыттарын анықтайды.
Дескрипторлар:
Ұлы жібек жолының қай ғасырға жататыны туралы сұраққа жауап береді;
Ұлы жібек жолы арқылы тасымалданған тауарларды анықтайды;
Ұлы Жібек жолының Қазақстанның батысына шығатын қақпасын біледі;
Ұлы Жібек жолының Қазақстанның шығысына шығатын қақпасын біледі;
Ұлы Жібек жолы ортағасырлық қандай қалаларды басып өткенін біледі;
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бағдарламасының авторын анықтайды.
Т 2-тапсырма. Оқушыларға кескін картамен жұмыс жасатыңыз.Кескін картада белгілеуі керек:
• Ұлы Жібек жолының бағыттары;
• Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар;
• Ұлы Жібек жолының Батыс және Шығыс қақпалары;
Бағалау. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
Бағалау критерийі: Ұлы Жібек жолының саяси картадағы бағыттарын белгілейді.
Дескрипторлар:
Ұлы Жібек жолының бағыттарын белгілейді.
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларды көрсетеді (Қазақстандағы тармағы бойынша)
Ұлы Жібек жолының Батыс қақпасын белгілейді.
Ұлы Жібек жолының Шығыс қақпасын дұрыс белгілейді.
Ж 3-тапсырма. «Ұлы Жібек жолы халықаралық қатынастардың нығаюына әкелді» немесе «Ұлы Жібек жолы халықаралық қатынастарда қайшылықтардың күшеюіне әкелді» ұстанымына 60-75 сөзден тұратын ой-түйін жазу.
Бағалау критерийі: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарға ықпалына баға береді.
Дескрипторлар:
Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарға ықпалы туралы нақты ұстанымын көрсетеді;
Ұстанымы бойынша 3 дәлел келтіреді;
Қорытынды пікірін береді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру