Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

 Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар: 5.4В Сарматтар
Сабақ тақырыбы: Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету
5.3.2.2 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
тарихи фактілерге және карталық мәліметтерге сүйене отырып, тарихи оқиғаның даму желісін құрастырады
тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады
Оқушылардың басым бөлігі:
тарихи фактілердің маңыздылығын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
тарихи кезендердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады
Ұйымдастыру кезеңі.
 Оқушылармен амандасу.
 Оқушыларды түгелдеу.
 Топқа бөлу:
• «Ғұндар дәуірі» тобы
• «Еділ қаған немесе Аттила» тобы
• «Мөде қаған» тобы
 Өткен сабақтарды еске түсіру.
Б Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін Аттила туралы бейнебаяннан үзінді көрсетемін. Бейнебаяннан кілт сөздерді жазып отыруды тапсырамын. Оқушылардың алған әсерлерімен бөлісуін сұраймын. Бейнебаян арқылы тақырыпқа шығамын.
Еділ (Аттила) патшаны білесің бе?

Б Оқушыларға дүниежүзі тарихынан атақты әскери қолбасшылар мен Аттиланың суретін көрсетемін. Осы тұлғаларды не байланыстыруы мүмкін? деген сұрағын қоямын. Аттила тұлғасына тоқталып, суретке негізделе отырып оқушыларды оған мінездеме беруді сұраймын. Аттила әйгілі қолбасшы болу үшін қандай қасиеттерді өз бойына сіңірген?
Бүкілсыныптық талқылау ұйымдастырамын.
Зерттеу мен талдау
Оқушылар арасынан екі немесе үш өзара бағалау сарапшыларын (бұдан әрі бағалау сарапшылары) тағайындаймын. Бағалау критерийлерін өздері құрастырады.
Қосымша 1.
Т Оқушыларға Аттила туралы жазылған түрлі пікірлерді ұсынамын.
Оқушылардың міндеті: Аттилаға жан-жақты мінездеме беру.
Тапсырманы орындамас бұрын әр топтан 3 сарапшы таңдап аламын. Оқушылардың жұмысын сарапшыларға бағалатамын.
Критерийлері:
1. Аттиланың өмір сүріп отырған дәуіріне сипаттама жазу;
2. Аттиланың өмір сүрген ортасы, өмірбаяны;
3. Аттиланың тарихи орны, іс–әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі;
4. Аттиланың тұлға ретіндегі қасиеті, ерекшеліктері;
5. Аттила туралы оқушының пікірі.
Мысалы,
«Ол халықтарды тітірентіп, елдердің барлығына үрей үймелетіп, барлық жерде өзі туралы өте кең ұғым таратқан еңіреген ер еді. Оның қадамдары паң, қарағанда жанары ұшқындап, дене қозғалыстарының өзімен аспандаған өз қуатын айғақтап тұратын. Соғысты сүйетін ол тіршілікте қайырымды, бір рет сенгенге мейірбан болатын. Сырттай қарағанда тапал, кең кеуделі, кішкентай көзі сығырайған, бурыл тарта бастаған сирек сақал, тәмпіш мұрын, терісінің түрі адам жиіркенгендей ол өз тегінің бар белгілерін паш еткендей».
Иордан, гот тарихшысы,
«Геттер мен олардың іс-әрекеті» еңбегінің авторы......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру