Сабақ жоспары (қмж): Металлды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (қмж): Металлды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Сабақтың тақырыбы: Металлды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру
Сабақ мақсаттары: Энеолит және қола дәуірінің ерекшеліктерін талдау; Метал өндірісінің адамдардың өміріне әкелген өзгерістерін талдап, маңызына баға беру.
Сабақтың басы
- Ұйымдастыру.
БЫМ Бастапқы ынталандырушы материал ретінде мыс пен тастан жасалған заттардың суретін көрсетіңіз.
М Оқушыларды суреттерді топтастыруды сұраңыз.
Келесі сұрақтарды қойыңыз:
• Берілген заттарды (суреттерді) қандай белгілері бойынша топтастырдыңыздар?
• Осы заттардың қандай қасиеттерін сипаттай аласыздар?
Сабақтың ортасы
М Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінетіндігін еске түсіре отырып, тас дәуірі мен қола дәуірін байланыстыратын тас-мыс дәуірі болғандығын айтып өтіңіз.
Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстырыңыз.
Оқушыларға «мыс-тас дәуірінің басқа кезеңдерден қандай өзгешеліктері болуы мүмкін?» сұрағын қоя отырып, болжау жасатыңыз.
Т Оқушыларды төрт топқа бөліңіз. Әр кезеңге жататын белгілер бойынша сөздер жазылған карточкаларды таратыңыз. Сол бойынша оқушыларды топқа біріктіріңіз. Қосымша 1
Палеолит: Бөріқазған, шапқы, қырғыш, Арыстанды, терімшілік;
Мезолит: садақ, микролит, дән үккіш, қайық, иттің қолға үйретілуі;
Неолит: керамика, маятас, жылтырата тегістеу, Железинка;
Энеолит: Ботай, жылқының қолға үйретілуі, мысты қолдану, патриархалдық отбасы, Шебір.
Зерттеу мен талдау
Топтық жұмыс.
1) Мысты-тас және қола дәуірін сипаттайтын мәтін ұсыныңыз. Тапсырмаларды таныстырып болған соң, бағалау критерийлерін сыныппен бірге құрастырыңыз. Әр топ өз жұмыстарын орындап, таныстырған соң топтар өзара бағалау жүргізеді. Қосымша 2,3
Оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындайды:
І топ. Энеолит дәуіріндегі өзгерістер. Қазақстандағы Ботай мәдениетінің (қоныстары бойынша) ерекшеліктері (Энеолит дәуірінің жаңалықтарын уақыт сызығына орналастырады, өткен кезеңдермен байланыстырады, сабақтастықты анықтайды)
ІІ топ. Мыстан жасалған еңбек құралдары (Ботай қоныстарынан табылған тұрмыстық бұйымдар). Түрлерін анықтау, қасиеттерін талдау. (мыстан жасалған еңбек құралдарының тиімділігін анықтайды, тастан жасалған еңбек құралдарымен салыстыра отырып, артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді.)
ІІІ топ. Қола дәуірінің ерекшеліктері. Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің (Андронов мәдениеті) ескерткіштері. Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің картасын құрастыру.
IV топ. Андронов мәдениетіндегі дін және өнер, жерлеу дәстүрі. Суреттер мен жазбаша ақпараттарды қолданып, жерлеу ғұрыптарын түсіндіреді.
2) Т Төмендегі кестені толтыруға беріңіз. Тапсырманы алдыңғы мәтіннен алған ақпаратқа сүйеніп орындайды. Қосымша 4
Шаруа-шылығы Табылған бұйымдар Айырма-шылығы Ұқсас-
тығы
Ботай мәдениеті
Шебір тұрағы
Андронов мәдениеті
Әр топқа кестенің белгілі бір бөлігін толтыруды бөліп беруге болады:
І топ. Шебір тұрағы, Ботай, Андронов мәдениетінің шаруашылығы
ІІ топ. Шебір тұрағы, Ботай, Андронов қоныстарынан табылған бұйымдар
ІІІ топ. Шебір тұрағы, Ботай, Андронов мәдениетінің ұқсастықтары
IV топ. Шебір тұрағы, Ботай, Андронов мәдениетінің айырмашылықтары
Оқушылар Шебір тұрағы, Ботай және Андронов ескерткіштері бойынша стикерлерге ерекшеліктерін жазып, тақтадағы кестеге жабыстырып, толтырады.
Ж Қорытындылау мақсатында оқушылардың қабілетіне қарай жеке тапсырмалар ұсыныңыз, оқушылардың өздеріне таңдауға беріңіз.
Қосымша 5
1) Алғаш рет метал өндірудің игерілуі адамзат өміріне өзгерістер әкелді:
1............ 2................ 3....................
Адамзат тарихы үшін осы өзгерістердің ішіндегі ең маңызды өзгеріс қайсысы? Неліктен?
2) Металдың игерілуі шаруашылық салаларына ықпал етті, өзгерістер әкелді:
1. Мал шаруашылығында............
2. Егіншілікте...............
3. Қолөнерде....................
Адамзат тарихы үшін осы өзгерістердің ішіндегі ең маңызды өзгеріс қайсысы? Неліктен?
3) Сөйлемдерді толықтыр. Қосымша 5.
Ж Әр оқушы өз жұмысын қорғайды (жекелеген оқушылардан ауызша сұрап, қалған оқушылардан жазбаша тексеріңіз). Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюын ұйымдастырыңыз.
Интерпретация
Ж «Қола дәуіріндегі бір күнім» атты тақырыпта шағын эссе дайындау (75-100 сөз).
Бағалау критерийлері:
1. Қола дәуірінің ерекшеліктерінің ашылуы;
2. Метал өндірудің адамзат қоғамына әкелген өзгерістерінің көрініс табуы;
3. Андронов мәдениетіне қатысты фактілердің болуы;
4. Қорытынды пікірдің болуы;
5. Креативтілігі....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру