Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы №1 (9 сынып, III тоқсан)

 Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы №1 (9 сынып, III тоқсан)

Пәні: География
Бөлімі: Демография
Сабақ тақырыбы: Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы№1
Сабақтың мақсаты: 9.4.1.5 - қазақстандық көрсеткіштерді басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстыру негізінде еңбек ресурстарының сандық, сапалық құрамына баға береді.
Психологиялық ахуал
Тақырыпқа шығу: Оқушылар видеоны қарағаннан кейін сабақ тақырыбына шығады. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін талдайды
Оқушылардың іс-әрекеті. Жұптық жұмыс.
Терминмен жұмыс. Оқушылар еңбек ресурстарына байланысыт терминдермен танысады.
Терминдерді бір-бірімен талқылайды.
Дискпиптор: еңбек ресурстарына байланысты терминдерді біледі
Бағалау: жұп ішінде бірін-бірі бағалау
«Ми шабуылы»: Еңбек ресурстарына қандай адамдар жатады? Қандай адамдар еңбек ресурстарына, экономикалық белсенді халыққа жатпайды? Неге?
Оқушылардың іс-әрекеті. Сыныппен жұмыс.
Сыныппен Қазақстандағы 2000-2012 ж аралығындағы еңбек ресурстары құрылымы мен құрамындағы өзгерістерді талдайды.
Талдауға арналған сұрақтар: 2000-2012 жылдар аралығында Қазақстанда ЭБХ қалай өзгерді? Экономикалық белсенді емес халық көрсеткіші қалай өзгерді? Жұмыссыздар саны қалай өзгерді? Өзгерістердің себебі қандай болуы мүмкін? ЭБХ-дағы статистикалық өзгерістер мемлекет экономикасына қалай әсер етуі мүмкін?
Қазақстан халқының жұмыспен қамтылу құрылымында қандай ерекшеліктерді байқап отырсыз? Оның себебі қандай
Бағалау: өзін-өзі бағалау
Дискрипторлар:
1. 2000-2012 жылдар аралығындағы Қазақстанның ЭБХ-дағы өзгерістерді сипаттайды
2. ЭБХ-дағы өзгерістердің себептерін анықтайды
3. ЭБХ-дағы статистикалық өзгерістер мемлекет экономикасына әсерін бағалайды
4. Қазақстан халқының жұмыспен қамтылу құрылымын талдайды
Оқушылардың іс-әрекеті. Топпен жұмыс.
«Қазақстанның еңбек ресурстары құрылымын басқа мемлекеттермен салыстыру». Топтар Қазақстанның еңбек ресурстарын келесі мемлекеттер ресурстарымен салыстырады:
1 топ: Ресей
2 топ: Нигерия
3 топ: Германия
4 топ: Бразилия
5 топ: Сомали
• Мұғалім салыстыруға арналған мемлекетті ауыстыруы мүмкін
• Оқушылар салыстыратын мемлекет бойынша статистикалық мәліметтерді интернет желісінен өздігінен іздейді. Қажеттілік туындаған жағдайда мұғалім мәліметтерді ұсынуы мүмкін
Оқушылардың іс-әрекеті: Зерттеу жұмысымен сыныпты таныстыру.
• Әр топ өз еркімен интернет сайттарын қарап, еркін форматта қорғау жүргізеді (постер, презентация, көрініс, сұхбат)
Бағалау: топ арасында бірін-бірі бағалау
Дискрипторлар:
1. Қазақстан мен таңдалған мемлекеттің еңбек ресурстарын салыстыра алады
2. 2 мемлекеттің еңбек ресурстары арасындағы айырмашылықтардың ықтимал себептерін анықтайды
3. 2 мемлекеттегі еңбек ресурстарындағы айырмашылықтың экономикаға тигізетін әсерін бағалайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру