Елдердің саяси-географиялық жағдайы №1 (8 сынып, IV тоқсан)

 Елдердің саяси-географиялық жағдайы №1 (8 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Елтану және саяси география негіздері
Сабақтың тақырыбы: Елдердің саяси-географиялық жағдайы №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.6.1.4 елдердің саяси-географиялық жағдайына баға береді
Сабақтың мақсаты: Елдердің саяси- географиялық жағдайын талдап, баға беру.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу.
2. Тақтаға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары көрсетіледі.
3. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Елдің немесе аймақтың маңызды экономикалық орталықтарға, әлемдік көлік және сауда жолдарына, интеграциялық топтар, туристік ағындарға қатысты позициясы тек экономикалық ғана емес, сондай-ақ саяси география үшін де маңызды. Өйткені олардың қауіпсіздігі, қалыпты жұмыс істеуі әлемдегі саяси жағдайға байланысты. Елдердің геосаяси жағдайын макро, мезо, микродеңгейдегі позициясы арқылы бағалайды.
Макродеңгей жаһандық деңгейдегі орнына баға беру. Ол ең алдымен елдің әскери-саяси және саяси топтарға, халықаралық шиеленістің және әскери қақтығыстарға (ыстық нүктелердің) қатысы орны, демократиялық және тоталитарлық саяси режимдер және т.б. қатысты бағаланады.
Мезодеңгей бұл, әдетте, өз аймағындағы немесе көршілес елдерге қатысты позициясы арқылы анықталады. Жақын маңдағы аймақтың сипаты, ең алдымен, саяси қарым-қатынастар арқылы анықталатын ролі.
Елдің геосаяси жағдайында микродеңгейде сипаттау оның шекарасының белгілі бір учаскелерінің орналасқан жерін, шекара маңындағы аймақтарды көрші мемлекеттермен байланыстыру сипатын немесе кемшілігін (саяси және әскери-стратегиялық тұрғыдан) түсіндіреді.
Елдің саяси географиялық жағдайын сипаттауда қолданылатын факторларды көрсетеді.
4 (Т) Елдердің геосаяси жағдайына баға беріңіз. Бағалауды картасхемамен түсіндіріңіз.
1-топ. Ресей
2-топ. АҚШ
3-топ. Жапония
4- топ. Франция
5-топ. Қытай
Дескриптор Оқушылар
 Елдердің геосаяси жағдайына баға береді
 Геосаяси бағалауды картасхемамен түсіндіреді.
5.(Д) Қазақстанның геосаяси жағдайына баға береді.
Геосаяси орнының қолайлы/ қолайсыз тұстарын анықтайды.
Дескриптор Оқушылар
-Қазақстанның геосаяси жағдайына баға береді
-Геосаяси орнының қолайлы/қолайсыз тұстарын анықтайды.
7. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру