Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы №1 (8 сынып, III тоқсан)

 Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы №1 (8 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экономикалық география
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық потенциалы №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.1.2 жекелеген дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды
Сабақтың мақсаты: Оқушылар :
• Дүниежүзі аймақтарының табиғи- ресурстық потенциалын бағалайды.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу.
2. Тақтаға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары көрсетіледі.
3. (С)Тақырыптық картаны және мәтінді қолдана отырып, табиғи ресурспен қамтылған, қамтылмаған аймақтарды кестеге жазып, себебін түсіндіріңіз
Ресурс түрі Табиғи ресурспен жоғары деңгейде қамтылған Табиғи ресурстар орташа қамтылған Табиғи ресурспен аз қамтылған
Жылу энергетикалық
Минералдық (кен, химиялық)
Жер ресурсы
Су ресурсы
Орман
Дескриптор Оқушылар
 Дүниежүзі елдерінің табиғи ресурстармен қамтылған аймақтарын анықтайды.
 Дүниежүзі елдерінің табиғи ресурстармен орташа қамтылған аймақтарын анықтайды.
 Дүниежүзі елдерінің табиғи ресурстармен аз қамтылған аймақтарын анықтайды
 Табиғи ресурстардың таралу ерекшеліктерінің себептерін түсіндіреді.
4.(Т) Мәтінді оқып:
• Қазақстанның табиғи ресурстық потенциалын талдаңыз.
• Табиғи ресурстар бойынша Қазақстанның дүниежүзі елдерінің қатарындағы орнын анықтаңыз.
Дескриптор Оқушылар
 Қазақстанныңтабиғи ресурстық потенциалына баға береді.
 Табиғи ресурстық потенцалы негізінде Қазақстанның дүниежүзі елдерінің қатарындағы орнын анықтайды.
Оқушылар бірін- бірі бағалайды.
Мұғалімнің кері байланысы
5.(Д) Дүниежүзілік табиғи ресурстарды төмендегі критерийлер бойынша талдайды. (Таңдауы бойынша біh табиғи ресурсты алуына болады)
 Ресурстың аты;
 Жаратылысы бойынша қай топқа кіреді?
 Өндірілетін жері (ірі бассейндері);
 Қолданылуы (қай салада);
 Кескін картаға таралу аймақтарын түсіру;
 Неліктен дәл сол жерде кездеседі?
 Ол ресурс сіздің өлкеңізде кездеседі ме?
 Дәптерге осы ресурстың таралуына қатысты 5 сөйлемнен тұратын қорытынды жазу
Дескриптор Оқушылар
 Жоспар бойынша табиғи ресурсқа талдау жасайды.
 Табиғи ресурстардың таралу себебін дәлелдейді.
Қорытынды. Әр табиғат ресурсының таралуына географиялық орналасуы, сол жердің климаты, табиғат жағдайы, жерінің геологиялық құрылымы, жер бедері ж.т.б. факторлар әсер етеді. Ағаш сүрегі экватор маңында көп шоғырланған, себебі ол жақтың климаты жылы әрі ылғалды, металл кендері – таулы аймақтарда, себебі сол жерлерде тектоникалық қозғалыстар аймағы, лава көптеген элементтерге бай, рекреациялық ресурстар – табиғаты көркем, климаты қолайлы жерлерде, құнарлы топырақтар – қоңыржай белдеулерде т.с.с.
6. Мұғалімнің кері байланысы. Оқушылардың жұмысын бағалау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру