Атмосфераның ғаламдық циркуляциясы (8 сынып, I тоқсан)

  Атмосфераның ғаламдық циркуляциясы (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Географиялық зерттеу әдістері
Сабақтың тақырыбы: Атмосфераның ғаламдық циркуляциясы
Оқу мақсаты: 8.3.2.2 -атмосфераның ғаламдық циркуляциясын талдап, түсіндіреді
Сабақтың мақсаты: Атмосфераның ғаламдық циркуляциясын талдау, түсіндіру .
І. Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Жағымды көңіл-күй орнату. Топтар 4 оқушыдан бірігеді.
Ой қозғау:
«Топтағы ой қозғау» жаттығуын қолданамыз: әр топ атмосфераның ғаламдық циркуляциясының 3 белгісін атауы керек.
Мұғалім тақтаға әр топтың атаған белгілерін кезекпен жазады, қайталанған жағдайда келесі топтың жауабын жазады.
Тізім дайын болғанда мұғалім оқушыларға:
Балалар, сіздердің осы тізімнен ең басты деген белгісіне дауыс берулеріңізді сұраймын. ЕСКЕРТУ: Дауыс тек бір белгіге беріледі.
Санақ аяқталған соң ең басты 3 белгі анықталады.
ІІ. Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру
ІІІ. Жұптық жұмыс. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтыру:
«Жердің климатын қалыптастыратын негізгі факторлары ........... Жердің әр аудандарында олардың өзара әрекеттесуінен қалыптасады ........ Күн жылуы .... әсерінен қалыптасады. Сондықтан төменгі ендіктерде ....................... көп түседі.»
Қажет сөздер:климат, күн радиациясы, түсу бұрышы, атмосфера циркуляциясы, жер бетінің жамылғысының сипаты.
Топтық жұмыс:
Оқулық мәтінінен ақпарат іздеп, зерттеу жұмысын жүргізу. Топ мүшелері оқып, талдайды.
Мұғалім әр топтан бір оқушының басқа топқа барып, оқыған мәтінін түсіндіруді сұрайды.
Басқа топқа барыптүсіндірген соң, өзін мұқият тыңдаған оқушыны таңдайды. Таңдалған оқушы үшінші топқа барып түсіндіру керек. Сонымен топтардың құрамы өзгеріп, оқушылар бір-біріне түсіндіру үрдісінде білімдерін толықтырады.
Зерттеу бойынша график, сурет салып, қорытынды жазылады. Топтар жұмыстарын қоғауға шығады.
Жұмыстарды «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен бағалау жүргізеді.
Үй жұмысы:сауалнама (кем дегенде 10 адамнан, жастары әр түрлі) қала/ауыл тұрғындарынан ауа райының құбылыстары, соның ішінде антициклон мен циклон уақыттарында денсаулықтарына әсер бар ма, жоқ па, себебін анықтау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру