Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау “Бірлік мен Мұңлық” Мәженқызы Райхан (4 сынып, I тоқсан)

  Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау “Бірлік  мен Мұңлық” Мәженқызы Райхан (4 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Бірлік мен Мұңлық Мәженқызы Райхан
Оқу мақсаттары: 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады.
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды илюстрациялар көмегімен анықтайды, сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолданады;
Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, өз тақырыбын ұсынады, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады, өз ойын толық білдіреді.
Сабақтың басы
Сабақ басында:
(Ұ) Ширату жаттығуы.
«Броундық қозғалыс» ойыны
Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.
Сөздердің үлгісі: тақырып, негізгі ой, мәтін бөлігі, сұрақтар, сөйлем т.б.
Бастапқы білімді қайталау.
(Ұ; МК) Оқушыларға «Білім қоржыны» әдісі арқылы берілген сөздер мен суреттерді топтастыра отырып, өз қоржындарына салу тапсырылады. Тақырыпқа байланысты оқушылар деректермен таныстырылады.
Коммуникативтік тәсілдемеге сүйене отырып, тағам түрлері мен нақыл сөздерді топтастыру кезінде оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауларын қадағалай отырып, оқушылардың бойында ынтымақтастық құндылықтары дамытылады.
Саралау. Қарқын тәсілі арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады.
(ҚБ). Бастапқы білімді бекіту үшін жұлдызша арқылы бағаланады.
Оқу мақсаты хабарланады
Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу, шығарманың мазмұны бойынша сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдануды үйренеміз.
Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ұ; МК) «Бірлік пен Мұңлық» ертегісін мұғалімнің оқығаны бойынша тыңдап, «Сұрақ жауап» әдісімен оқу мақсатына сәйкес шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар қойып, жауап беру тапсырылады. Автор туралы қосымша мағлұмат беріледі.
Үлгі сұрақтар:
-Ертегі не туралы деп ойлайсың?
-Мұңлықты ертіп Бірлік нені аралады?
-Мұңлыққа кімдер ілесті?
-Мұңлықтың жолында кімдер кездесті?
-Мейірім ауылының тұрғындарын ата ?
Саралау. Саралаудың диалог және қолдау әдісін қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақ қою арқылы көмек көрсетемін
(ҚБ) «Шапалақ әдісі» арқылы оқушылармен бірлесе отырып бағалау.
2-тапсырма
(Т; МК) «Төрт сөйлем» тәсілі.
Оқушылар топтасып шығарманың тақырыбын анықтауға, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін немесе сөйлемді табуға берілген тапсырманы орындайды.
Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:
1. пікір шығарманың тақырыбын жазады
2. дәлел Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен жазады
3. мысал Шығармадағы негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлеммен мысал келтіреді
4. қоры
тынды негізгі ойды білдіріп тұрған шығарманың бөлігі немесе сөйлемнен қорытынды шығарады
Саралау: Қорытынды тәсілі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.
ҚБ: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлемді тауып жазған жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады.
Сергіту сәті. «Батискаф» ойыны
Екі топқа бөлініп бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек. Бірнеше сөздер жасырып, екі айналым орындатуға болады.
3-тапсырма
(Ұ; Ө) «Әдеби шеңбер» әдісі арқылы «Бірлік пен Мұңлық» ертегісін түсініп оқып, ондағы маңызды тұстарына байланысты 3 немесе 4 ашық сұрақ дайындайды, сұрақтарға жауап бере отырып, ақпаратты белгілейді.
Бұл әдісте оқушылар санына қарай бес оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді:
1-оқушы-талқылаушы, ертегіні топ ішінде талқылайды.
2-оқушы-белгілеуші, талқылаудан соң ертегінің тақырыбы не екенін белгілейді.
3-оқушы-байланыстырушы, тақырыпты ертегімен байланыстыра отырып, негізгі ойды анықтайды.
4-оқушы-қорытындылаушы, автордың ойын ертегі деректерінен келтіреді;
5-оқушы-суреттеуші, келтірілген деректерге сүйене отырып, автордың ойын дәлелдейді.
Үлгі сұрақтар:
- Мұңлық Бірліктің қандай кеңесін тыңдамады?
- Дауыл Мұңлықты қай ауылға ұшырып әкелді?
- Бірлік кімдермен дос болды?
- Мейірім ауылының тұрғындарын ата?
- Мейірім ауылын суреттеп бер.
Саралау. Саралаудың қарқын тәсілі. Қарқыны жылдам оқушыларға мәтіннен келтірілген деректерге сүйене отырып қосымша сурет салғызуға болады. Қарқыны баяу оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) Дескриптор арқылы бағалау.
• шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады;
• суреттер бойынша өз ойларын айтады;
• автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды; .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру