Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру Ара мен шыбын Оспанхан Әубәкіров (4 сынып, I тоқсан)
Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Құндылықтар
Сабақ тақырыбы: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру Ара мен шыбын Оспанхан Әубәкіров
Оқу мақсаттары: 4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру.
4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өз ойы мен сезімін шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады.
Көптеген оқушылар: өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады.
Сабақтың басы
Ширату жаттығу. «Бес тамшы» стратегиясы арқылы бастапқы білімді бекіту, сабақ мақсатын анықтау. Еденге бес тамшы суреті қойылады. Оқушылар мүдірмей әр қадамын баса отырып көркем сөздерді (бал жинайды, жәндік, еңбекқор, ұшады) қолданып ара туралы сөйлем құрастырады.
Тапсырма соңында қорытынды шығарылады. Мұғалім: оқушыларға берілген сөздер туралы сұрап, неге олай қолданғанын талдайды.
Сабақ мақсаты: өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді тауып, өз ойы мен сезімін сол сөздерді қолдана отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ө,Ұ) О.Әубәкіровтің «Ара мен шыбын» - (YouTube) мультфильмін тамашалау.
Ой қозғау:(жәндіктер туралы мультфильм көру) (сын тұрғысынан ойлау)
Мультфильмде не көрдіңіздер?
Ара мен шыбын туралы не білеміз?
Ара мен шыбынның табиғатта алатын орны қандай?
Тағы қандай жәндік осы мультфильмге қосар едіңіз?
1. Мұғалім өлеңді 2-3 қайтара оқып береді. (МТ)
2. Оқушылар мұғалім оқып отырғанда қолдарындағы түрлі-түсті стикерлерге өлеңнен түсінген көркем-бейнелі сөздерді жазып отырады. (Ұ,Т,ЖЖ).
3. Оқушылар өз топтарында көркем-бейнелі сөздерді анықтап, тізімін құрастырады.
4. Тізімнің ішінен дұрыс деп есептеген сөздердің үшеуін мұғалімге тапсырады.
5. Мұғалім барлық топтардың берген сөздерінен қайта тізім құрастырып, экраннан көрсетеді.
Қосымша мәлімет:
Автор туралы қысқаша дерек.
Оспанхан Әубәкіров - 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба», т. б. көптеген жинақтары бар. Оспанхан Әубәкіров – талантты сатирик. Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз.
Саралау: «Қарқын» тәсіліне сүйене отырып, топ ішіндегі негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Қарқыны жылдам оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қосымша тапсырма ұсынуға болады.
(ҚБ): «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.
2-тапсырма
(МК, Ж) «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі. Өлеңнен анықтаған сөздерді қатыстырып, өз ойың мен сезімің бойынша өлең мазмұнын қысқартып айт
1.Өлеңнен анықталған үш сөз тақтаға жазылады:
Еңбекқор, жалқау, қонақ
2.Осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жауап бер:
1. Қайда? Бұл сөздерді сен бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едің?
2. Қалай? Өлеңде осы сөздерді кімге қолданғанына мысалдар келтіре аласың ба?
3. Қандай? Осы өлең бойынша өз ойың мен сезімің қандай?
3.Мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.
Саралау: сұрақтар қойып бір қатар жауаптар алу үшін «диалог және қолдау арқылы» сұрақ қоюда қиналатын оқушыларға көмек көрсетіледі.
(ҚБ): Ауызша мадақтау. Жарайсың! Тамаша! Керемет! сөздерін айту арқылы бағаланады.
3-тапсырма
(Т). «Даралық, ұқсастық» әдісі. «Графикалық органайзер» арқылы өлеңдегі Ара пен Шыбынды салыстыра отырып, толтырады.
1. Ара пен Шыбынның өзіне ғана тән еркешеліктерін белгіленген бөліктеріне толтырады.
2. Ортаға олардың ұқсастығын, айырмашылығын жазады.
Ара Шыбын
3. Толтырған органайзерді ортаға шығып әр топ қорғайды.
Саралау: оқушылардың қажеттіліктеріне қарай қолау беріледі.
ҚБ «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады
4-тапсырма
(Т) Модельдеу әдісі.
«қуыс», «тесік», «ұйықтайды», «жасырынады» деген сөздерді қатыстырып, сөздер бойынша әңгіме құрастыру тапсыралады.
Шыбынның үйін, көзіңе елестетіп бейнелеп жазып бер.
Үлгі:
(құрастырған нұсқасы)
Суреттерде көбіне шыбын ұясын көрмедім. Сондықтан шыбын қуыс, тесік жерлерде болатын шығар, қабырғаға жабысып ұйықтайтын болар.
2. Құрастырған әңгімелерін басқа топтарға береді, топтар сауаттылығын тексереді. . «Таңба» қояды.
Саралау: Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша әңгіме жазуға қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сөздерді беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.
(ҚБ): «Таңба қою» «Өте жақсы»- тапсырманы жоғары деңгейде орындағанда қойылады, «Жақсы» - жақсы орындағанда қойылады, «Талпын» - орташа деңгейде орындағанда қойылады түрлі түсті таңбасымен бағалау.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру Ара мен шыбын Оспанхан Әубәкіров 4 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру Ара мен шыбын Оспанхан Әубәкіров