Шығарманы мазмұндау «Балалар елін бағындыру» Н. Ақышев (3 сынып, IV тоқсан)

  Шығарманы мазмұндау «Балалар елін бағындыру» Н. Ақышев (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Шығарманы мазмұндау «Балалар елін бағындыру» Н Ақышев
Оқу мақсаттары: 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, қажетті ақпаратты тауып оқиды
Көптеген оқушылар: жоспар мен сұрақтар құрастыруда мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін қолдана алады
Кейбір оқушылар: мазмұндау барысында жоспардан тыс өз ойын жеткізе алады, қажетті ақпараттарды тауып, түсіндіре алады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы: Репортёр әдісі. (Ұ) «Балалар мерекесін қалай атап өткенді ұнатасың?» деген сұрақ беріліді. Оқушыларды топқа бөлінеді.
1.Топ өздеріне «репортёр» тағайындайды. Репортер әр оқушыдан сұраққа жауап іздейді.
2.Жауаптарын қағазға жазып отырады.
3.Әр топтың репортеры өз тобындағы оқушылардың жауаптарымен таныстырады. Қорытында жасалады.
Сабақ мақсаты: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1 – тапсырма
(МК,Т) «Дана үкі» әдісі арқылы «Балалар елін бағындыру» Н.Ақышев әңгімесін түсініп оқу ұсынылады.
Оқушылар мәтіндегі ақпаратпен жұмыс жасау үшін сұрақтар жазылған жұмыс парағын алады.
 Мәтіннен өзіңе беймәлім болған, өз көзқарасыңа қарсы келетін, сен күтпеген ақпаратты тап;
 Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін бөлігін анықта;
 Мәтіннен ерекше көңіл аударатын, талқылауға тұратын ойды көрсет;
 Мәтіндегі негізгі ойды сурет, карикатура, сызба түрінде кескіндеуге тырыс.
Саралау. Мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
(Б) «Смайл» әдісі Оқушыларды өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіріп, оқу мақсатына байланысты мәтіндегі негізгі ойды анықтағандары үшін смайликтер таратылады.
2-тапсырма
(Т) «Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі арқылы, мәтін бойынша жоспар құрастыру тапсырылады.
1.Мұғалім әр оқылған мәтін бөліктеріне сүйене отырып, жоспар құруды ұсынады.
2.Оқушыларға жоспар құруға өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі.
3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.
4.Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.
Жоспар:
1. Ертедегі балалар елі
2. Балалар еліне ойын патшалығының келуі
3. Балалар еліне еңбек патшалығының келуі
4. Балалар еліне оқу патшалығының келуі
Саралау: басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі.
Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.
3-тапсырма
«Тиімді - тиімсіз» әдісі арқылы құрастырған жоспарға сүйеніп мәтін мазмұнын айту ұсынылады.
1. (МТ) Мұғалім әр топқа құрастырған жоспарға сүйеніп өз сөзімен толық/таңдауына қарай мәтінді мазмұндауды тапсырады.
2. Сынып оқушылары төрт топқа бөліңіз. Бірінші топ балалар еліндегі ойынның тиімді жақтарын, екінші топ – тиімсіз жақтарын айтады. Оқушылар кезекпен жауап береді. Үшінші топ – оқудың тиімді жақтарын, төртінші топ – тиімсіз жақтарын айтады.
Саралау. Қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға өз түсінгендері бойынша жауап береді. Қабілеті жоғары оқушылар баға беріп жауап береді.
Б «Екі жұлдыз, бір тілек»
4-тапсырма
(Т) «Пайымдау сұрақтары» әдісі
2.Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа мәтін мазмұны бойынша сұрақтар беріледі.
-«Ойын» тобы, өздеріңнің бастапқы пікірлеріне өзгеріс кіргіздіңдер ме?
-«Еңбек» тобы, сендер баланың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар?
-«Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар?
-«Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар?
-«Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді? (Мысалы, тіл үйрену де - өнер).
-«Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітапты оқымайды?
3. Оқушылардың жауаптары бағаланады.
Саралау: уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады.
Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру