Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қазыбек бидің айтқаны» (3 сынып, III тоқсан)

  Түрлі дереккөздерден ақпарат алу  «Қазыбек бидің айтқаны» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қазыбек бидің айтқаны»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша дереккөздерден ақпарат таба алады;
Көптеген оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, шығарманың мазмұнына сәйкес нақты ақпаратты тауып сызба түрінде ұсынады;
Кейбір оқушылар: шығарманы қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден нақты ақпаратты табады және ақпаратты сызба түрінде түсіндіре отырып ұсынады.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы:
(Ұ) «Кoмплимeнттepдiң бұpқacыны» әдici
Oқyшылap бepiлгeн yaқыт iшiндe бip пapaқ қaғaзғa өздepiнiң cүйiктi aдaмдapынaн ecтiгici кeлгeн кoмплимeнттi жaзу ұсынылады. Жaзып бoлғaн coң oқyшылap пapaқтapын дoмaлaқтaп, дoмaлaқ қapмeн aтысқан сияқты бip-бipiнe лaқтыpyы кepeк. Oқyшылapғa алдарына түскен «қap дoмaлaғының» біреуін aшып, ішіндегі сөзді oқып, өзіне айтылған комплимент тәрізді қабылдайды. Кoмплимeнттepдi бapлық oқyшылapдың кeзeктeciп oқyынa дa бoлaды.
Бастапқы білімді қайталау
(Ұ, МК, Т) «Пазл» әдісі
Сыныпты оқушылар санына қарай бірнеше топқа бөлу ұсынылады. Оқушыларға алдыңғы сабақтағы қарастырған мәтін қағазға түсіріліп, бірнеше қима қағаздарға бөлініп таратылады. Әр топ белгілі уақыт арасында мәтін мазмұны бойынша әңгіменің басы, ортасы, соңын пазл түрінде құрастырып, соған сәйкес өткен сабақтағы мәтінді мазмұндайды. Топта уақыт сақшысы мен бақылаушы таңдалады.
Саралау: қарқын тәсілі арқылы саралау жоспарланады. Тапсырманы орындау кезінде қарқыны жылдам топ ескеріліп, қосымша мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыруды ұсынуға болады.
(ҚБ) Оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін «Басбармақ» тәсілі арқылы әр топтың мәтін бөліктерін анықтап мазмұндауы өзара бағаланады.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Т; МК) «Идея жинау» әдісі
Оқушыларға бүгінгі сабақта қарастыратын мәтінге байланысты берілген сурет бойынша ой жинақтау, болжам жасау, білетіндері және білігісі келетіндері туралы ойларымен бөлісу ұсынылады.
Жеткеші сұрақтар:
- Сурет бойынша не ойлайсың?
- Өзің білетін және білгің келетін екі мәлімет айт.
Оқушыларға талқылауға дереккөздерден қосымша материалдар ұсынуға болады.
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушыларды ынталандыра отырып, сөзбен қолдау көрсетіледі.
(ҚБ): «Бағдаршам әдісі» бойынша тиісті түсін көрсету арқылы сурет бойынша ойларымен бөліскендір үш түрлі түспен бағаланады.
2-тапсырма
(МК, Ұ, Ж) «Бірлескен оқылым» әдісімен «Қазыбек бидің айтқаны» аңызын түсініп оқу ұсынылады. Сараптамалық оқуға назар аударылады. Мәтін мазмұнына байланысты талдау жасау үшін сұрақтар беріліп, бір партадағы жұптарға талдау ұсынылады.
Үлгі сұрақтар:
- Қазыбек би әкесінен қайда жіберуін сұрайды?
- Неліктен әкесі оны жібергісі келмеді деп ойлайсыңдар?
- Қазыбек қандай сөздердің мағынасын айтып берді?
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы жұптағы қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.
(ҚБ) «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың жауабын ұжымда бағалау ұсынылады.
3 – тапсырма
(МК, Т) «Шахмат» әдісі арқылы мәтіннен Төле бидің сөздерін тауып оқып, сол бойынша шахмат ұяшықтарына өз ойын жазу тапсырылады.
Әр топқа шахмат тақтасының суреті, Төле бидің сөздері таратылады. Оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, содан кейін ой бөліседі.
Төле бидің сөздері:
1 топ – «Алысым жақын болды» дегенім –
2 топ – «Тәттім шырын болды» дегенім –
3 топ – «Несием өніп жатыр» дегенім –
Саралау: диалог және қолдау көресту тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырып, сыни бағалау беріп ойын жазуда қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуде қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады.
4-тапсырма
(Ұ; МК; Ө) «Ассоциация» жаттығуы арқылы жоғарыда қарастырылған мәтін мазмұнына сәйкес оқушылардың анықтаған негізгі ойыларын толықтырып, бекіту үшін түрлі дереккөздерден үш би туралы ақпарат жинау ұсынылады. Жинаған ақпараттармен кесте толтыру тапсырылады.
Кесте үлгісі:
Төле би Әйтеке би Қазыбек би
Саралау: қарқын тәсілі арқылы қарқыны жылдам оқушылар деңгейін ескеріп, аяқтаған оқушыларға билердің біреуін сипаттап айту тапсыруға болады.
(ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру