Әдеби шығарманың жанрын анықтау Т. Әбдірахманова «Даналарым» (3 сынып, III тоқсан)

  Әдеби шығарманың жанрын анықтау  Т. Әбдірахманова «Даналарым» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы:Әдеби шығарманың жанрын анықтау Т. Әбдірахманова «Даналарым»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, жанрлық ерекшелігін біледі, сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолана алады;
Көптеген оқушылар: шығарманы қажетті ақпаратты тауып, түртіп алып оқиды, жанрлық ерекшелігін анықтай алады, сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;
Кейбір оқушылар: шығарманы белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқиды, жанрлық ерекшелігін анықтап, салыстыра алады, өз ойын жеткізуде мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданып, дәлелдейді.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы
(Ұ, МК) «Серпінді доп» ойыны.
Оқушыларға орнынан тұрғызып, кезекпен доп лақтырылады. Допты қағып алған кез-келген оқушы тездетіп бір атақты тұлғаның атын атап, мұғалімге қайта лақтыру керек.
Мұғалім назарына! Оқушылар өткен сабақтарда танысқан атақты тұлғаларды және басқа тұлғаларды атауы ескеріледі.
Мысалы: Абай Құнанбаев, Мәншүк Маметова, Қазыбек би, Абылай хан, т.б.
Бастапқы білімді қайталау
(Ұ, МК) Оқушыларға «Топтастыру» әдісі арқылы суреттерді топтастыру тапсырылады. Оқушыларға атақты тұлғалар суреттері (немесе парақтарға жазылған сөздер) дайындалып таратылады. Ұжыммен ақылдаса отырып, атақты тұлғаларды топтастыру ұсынылады.
Мысалы:
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би – билер
Шоқан, Ыбырай, Абай – ақындар
Оқушыларға неліктен осылай топтастырғаны туралы сауалдар қойылады. Оқушыларды «билер», «ақындар» деп екі топқа бөлу ұсынылады.
(ҚБ) Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК, Т) «Кластер құру» әдісі
Әр топқа «Дана» сөзін қалай түсінетіндері жайлы кластер құру тапсырылады.
А3 парағына кластер сызбасы дайындалып беріледі. Оқушыларға топтарында бірігіп талқылап, негізгі бес ойды жазу тапсырылады.
Үлгі сөздер:
ойшыл, қадірлі, ұстаз, адам, ғалым, білімді, талапты, талапты, ақылды, парасатты.
Кластер сызбасының үлгісі:
Саралау. Оқушыларға сөздің мағынасын ашып, талқылау кезінде сұрақ қою арқылы бағыт бере оытырып, қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) «Бағдаршам» әдісі арқылы топтардың құрған кластеріне топтық бағалау жүргізіледі.
2-тапсырма
(МК, Ұ) «Модельденген оқылым» әдісі
Т.Әбдірахманованың «Даналарым» өлеңін мәнерлеп оқу ұсынылады. Мұғалім дауыстап оқу тәсілін алдымен көрсетіп, кейін оқушылардан тізбектеп оқуын талап етеді.
(Т) «Өкіл» әдісімен әр топқа тақырыпқа байланысты «Батыр», «Дана» сөздеріне байланысты бір мақал-мәтелден дайындап талқылау ұсынылады.
Үлгі мақал-мәтелдер:
Күш батылдыққа ереді.
Батыл болсаң, батыр да боласың.
Шын батыр сын үстінде танылар.
Батыр - елдің сәулеті,
Балқұрақ - колдің сәулеті.
Батыр мың қол бастайды,
Шешен тар жерде сөз бастайды.
Көп ойласаң — дана боласың,
Көп ойнасаң — бала боласың.
Кешірімділік — анадан,
Кішіпейілділік — данадан.
Топтар мақал-мәтелдерді дайындап болған соң, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Өкілдер сағат тілімен топтардың барлығын аралап шығады. Көршілес топтан білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл әдіс арқылы оқушылар өкіл тілін қолдануға және белсенді тыңдаушылар тобын құруға жағдай жасалады.
Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай мақал-мәтелдерді қолданып әңгімелеуі күтіледі.
(ҚБ) Оқушылардың мақал-мәтелдерді қолданып сөйлеуі «Смайл» әдісі арқылы бағаланады.
3-тапсырма
(Т) Әр топқа «Венн диаграммасы» әдісі арқылы, жоғарыда қарастырған өлең, мақал-мәтелдердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау ұсынылады.
Мұғалім шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін анықтау үшін сұрақтар үлгісін дайындайды:
- Неліктен бұл шығарма өлеңге жатады деп ойлайсың?
- Шығарманың өлең екенін қалай дәлелдей аласың?
- Мақал-мәтелдердің қандай ерекшеліктерін көрсете аласың?
Мұғалім тақырыпқа байланысты басқа мақал-мәтелдерді қолдануына болады.
Саралау. Қарқын тәсілі. Шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін анықтау кезінде қабілетті оқушылар вербалды емес тілдік құралдарды қолданып, мысал келтіріп, түсіндіруді ұсынуға болады.
(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін анықтай алса, бас бармақты тік көтеріп, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратып бағалайды.
4-тапсырма
(Ұ, Ө) Сабақта танысқан «Даналарым» өлеңі мен мақал-мәтелердің жанрын анықтап, сәйкестендіріп сызу ұсынылады.
Адамдар әділдікке дән разы боп
өлең
мақал-мәтел
Шын батыр сын үстінде танылар
Ел көшін бағдарлаған тыңға қарай
Көп ойласаң – дана боласың,
Елім деп ғұмыр кешті, төкті көп тер
Кішіпейілділік – данадан.
Өлең жанрына тән ерекшеліктерді сипаттап айтып беру сұралады.
Саралау: Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша мәтіндердің жанрын анықтауда қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.
(ҚБ) Дескрипторлар арқылы бағалау жүргізіледі.
Дескрипторлар:
- сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
- мәтіндердің жанрын анықтайды;
- өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды.
- даналар туралы ойын айтады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру