Өнер алды-қызыл тіл Қарлығаш әулие (3 сынып, III тоқсан)

 Өнер алды-қызыл тіл Қарлығаш әулие (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: Өнер алды-қызыл тіл Қарлығаш әулие
Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады
Көпшілік оқушылар: Нақыл сөздерді пайдаланып, сөз өнері туралы ойын айтады
Кейбір оқушылар: Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы: Сынып оқушылары мақал-мәтелдер жазылған қағаздар арқылы топтарға бөлінеді
Әрбір топ мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіреді
І топ
Өнердің көптігі жоқ.
ІІ топ
Білім мен даналық-адам көркі.
ІІІ топ
Жақсының сөзі жырмен тең.
ІҮ топ
Өнерлі ел налымас,
Өнерсіз ел жарымас.

Сабақтың ортасы
Қосымша мәлімет
Төле би (1663 – 1756) жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
1-тапсырма
(ЖЖ,Т) «Үштік» әдіс(Ойлан, жұптас, бөліс)
«Қарлығаш әулие» мәтінін оқу үшін топтағы оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.
Саралау: Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады
ҚБ «Бас бармақ»
Оқушылар мәтінді оқып болған соң, қаншалықты түсінгендерін бағалау
2-тапсырма
(Т)«Даналық ағашы» әдісі
Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады.
Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады.
Үлгі:
«Бір ауыз сөзі мың ауыз сөзге татитын» дегенді қалай түсінесің?
Төле би неге «Қарлығаш әулие»атанды?
Мәтіннен қандай қорытынды шығардың?(өмірмен байланыстыру)
Саралау:Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды.
ҚБ «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды
3-тапсырма
(Т,Ұ)«Данышпан үкілер» әдісі
І топ Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.
Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.
І І топ Маңызды өмірлік даналық.
Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.
ІІІ топ Иллюстрациялық бейнелеу.
Мәтіннің негізгі ойын сурет арқылы бейнелеп көріңіз.
ІҮ топ Үлгі боларлық қорытынды.
Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?
Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.
ҚБ «Смайликтер»
4-тапсырма
(Ұ) «Пазлдар» әдісі
Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Бөліктерді жылдам жинайды. Тапсырманы тиімді орындауға үйренеді
Саралау: Топта тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.
ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»
Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны
Бір тілек-Жақсартуға болады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру