Тыңдарманның назарын аударту«Күшіңе сенбе ісіңе сен Ер еңбекте сыналады» (3 сынып, II тоқсан)

  Тыңдарманның назарын аударту«Күшіңе сенбе ісіңе сен  Ер еңбекте сыналады» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері.
Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту«Күшіңе сенбе ісіңе сен Ер еңбекте сыналады.»
Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, берілген суреттер бойынша мәтінді қысқаша мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: сөйлесу мәтінін құрастырады, мақалдың мағынасын ашып, өз пікірін білдіреді.
Кейбір оқушылар: шығарма мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдерді қолданады. Мәтін тақырыбына сәйкес суреттерді толықтырады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
(Ұ) «Он сұрақ» стратегиясы
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
«Мақал» сөзі шығады. Көмек қажет жағдайда мұғалім өзі жетелеуші сұрақтар қояды.
- Мақал дегеніміз не?
- Мақал-тәрбиелік мәні бар, ақыл нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы.
- Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру.
- Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК, Ө) Оқушыларға сурет бойынша болжам жасау ұсынылады.
- Балалар, айтып өткендей мақал- ақыл ретінде айтылған нақыл сөздер. Ендеше «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» дегенді қалай түсінесіз? Пікірімізді білдіріп отырайық.
- Балалар, мына суреттегі көліктер- біздің бүгінгі сабағымыздың кейіпкерлері. Қалай ойлайсыздар «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» мақал қай кейіпкерге, яғни қай көлікке айтылуы мүмкін?

Оқушылар өз таңдауларын жасайды. Мәтінмен танысуға қызығушылық білдіреді. Саралау: Сұрақ оқушылардың барлығына қойылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілетті оқушылар өз пікірін жүйелі жеткізіп, өз ойын дәлелдей алады. Әрбір оқушы өз таңдауын жасайды.
Бағалау: Оқушылар екі кейіпкердің біреуін таңдайды. Мәтінмен танысқаннан кейін өз жауаптарының дұрыс, бұрыстығын анықтайды. Өз- өздерін бағалайды.
2- тапсырма
Жекен Жұмақанов «Ер еңбекте сыналады» мәтінімен таныстыру.
- Мәтінді іштей оқып шығады.
- Түсініксіз сөздерді түртіп алу.
- Мәтінді рөлге бөліп оқиды.
Сөздік жұмыс:
 Алқынып-ұмтылу
 Гүжілдеп-машинаның қиналған дыбысы
 Кекетіп – мұқата-күлкі қылу
 Ойпат-шұңқыр
 Белшеден батқан- батпаққа бату.
Саралау: Қабілетті оқушылар сөздердің мағынасын ашып, түсіндіреді. Қабілеті төмен оқушылар мәтінді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады.
(ҚБ) Дескриптор:
- Мәтінді іштей оқиды;
- Түсініксіз сөздерді түртіп алады;
- Мәтінді өз рөлін сақтай отырып, қатесіз оқиды;
Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. Сөздікпен жұмыста мағынасын түсіндірген, тыныс белгілерін ескеріп,дауыс ырғағымен дұрыс оқыған оқушыларды мадақтау.
- Мәтін бойынша тапсырмалар орындайды.
3- тапсырма
«Оқиға картасы»

(ЖЖ) Мәтінді түсініп оқып болған «Оқиға картасы» тапсырмасында берілген суреттерді әңгіме желісі бойынша жұпта ретімен орналастырып қояды.
(ТЖ) «Оқиға картасын» жұпта суреттерді ретімен орналыстырған соң, топ ішінде бір- біріне қысқаша мазмұндайды.
«Сұрақтар жаңбыры» ойыны
Мәтінмен танысып, оқып болған соң, бір- біріне сұрақтар қояды.
 Тақырыпқа сәйкес сұрақтарды парақшаларға жазады.
 Парақшаларды бүктеп, бір- біріне лақтырады
 Бір- бірінің сұрақтарына жауап береді.
Сұрақтар:
˗ Бұл оқиға қай жерде болды?
˗ Құрылыс алаңындағы көлік түрлерін ата
˗ Жүк машинасы кранды не деп келеке қылды?
˗ Кранның берген жауабы?
˗ Ауа –райында болған құбылыстың әсерінен жүк машинасы қандай қиындыққа тап болды?
˗ Оған не көмекке келді?
Саралау: Оқушылар қабілеті боынша тапсырманы орындайды, бір – біріне көмектеседі. Қабілеті жоғары оқушы көркем бейнелі сөздерді қолданады.
(ҚБ) Дескриптор:
˗ мәтінді түсініп оқиды;
˗ оқиға желісі бойынша суреттерді ретімен орналыстырады;
˗ сурет бойынша әңгімені мазмұндайды.
˗ мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
«Бағдаршам» түстеріне сәйкес бірін- бірі бағалайды.
Сергіту сәті
Еркін ұста денеңді,
Тарсылдатпай еденді.
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгірейік бір уақ
Тік көтеріп қозғалайық.
Тым сылбыр да болмайық.
Алға қарай озбайық.
Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

4- тапсырма
(ЖЖ) Берілген мақалдардың ішінен мәтіннің мазмұнына сәйкес мақалды көк түспен, тақырыптан тыс берілген мақалдарды сары түспен боя.

Еңбек ептілікті сүйеді. Еңбек ет те мактан,
Ойнап күл де шаттан.
Опасызда отан жоқ. Отан үшін күрес —
Елге тиген үлес.
Еңбек ердің көркі,
Ер елдің көркі. Еңбек ер атандырады.
Орынсыз мақтау орға жығады. Ит — тойған жеріне,
Ер — туған жеріне.
Саралау. тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
(ҚБ) Дескриптор:
- Мақалдардың мағынасын ажыратады;
- Мәтіннің мазмұнына сәйкес мақалдарды көк түспен бояйды;
- Тақырыптан тыс мақалдарды сары түспен бояйды.
- Оқушылар бірін- бірі «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.
5- тапсырма
(ТЖ) Сен автор болсаң, осы әңгіме желісімен мультфильм түсіруге мүмкіндік болса, қандай өзгерістер мен толықтырулар жасар едің? Топта бәрлесе отырып, мультфильге сюжет ретінде қандай сурет қосар едіңдер? Суретті де жасап, жоғарыда, яғни кестеде берілген мақалдарды қолдана отырып, кейіпкерлердің сөздердің толықтыр.
Саралау: топтық жұмыста оқушылар бір- біріне қолдау көрсетеді.
(ҚБ) Дескриптор:
- Кейіпкерлердің сөздердің толықтыруда мақалдарды қолданады. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру