Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 9-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 9-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 9-сабақ
Оқу мақсаты: Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Шығарма кейіпкерлері арқылы тура және жанама мінездеулерді анықтайды.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«Сөз бұлты»
Сынып оқушыларына «Образдың жасалу жолдары» мақаласы таратылады. Мақаланы оқып болғаннан кейін жұппен пікір алмасып талдайды. Мақалаға сүйене отырып «Образдың жасалу жолдары қандай?» деген сұрақты ашатын сөздер мен сөз тіркестерін «Сөз бұлтына» жазады. Екі топқа бөлініп «Сөз бұлтында» берілген идеяларды топтастырады.
Топ мүшелері жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың спикері шығып
«Кейіпкерді сомдаудағы тура және жанама мінездеу» туралы топтың жасаған анықтамасымен таныстырады.
Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Кейіпкерлерге тура және жанама мінездеу арқылы талдау жасайды. • кейіпкерді сипаттап, тура мінездеуге мысалдар келтіреді;
• кейіпкерді сипаттап, жанама мінездеуге мысалдар келтіреді. • «жуан және жіңішке»сұрақтарға жауап беру арқылы өзіндік ой қорытады.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма
«Интервью» тәсілі
Оқушылар өздері жақсы көретін түстері арқылы топқа бөлінеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек. Топтағы оқушылардың біреуі интервью жүргізуші болады. Қалғандары оның сұрағына жауап береді. Интервью алушы оқушы сұрақтары:
• Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті?
• Оразымбетке қандай мінездеме берген болар едіңіздер?
• «Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер» - Жаңылға қандай мінездеме берер едіңіздер?
• «Өлімнен ұят күшті» - Шалға қандай мінездеме берер едіңіздер?
Топтағы екі оқушы сұрақтарға әңгімедегі автор қолданған көркемдегіш сөздер мен суреттеулер арқылы жауап береді.Тапсырмаларды бөліп алып жауап беруге де болады немесе барлығы бірлесіп жауап та бере алады. Үшінші оқушы баспасөз қызметкері рөлінде интервью жүргізушінің сұрақтары мен екі оқушының жауабын қағаз бетіне түсіріп отырады. Интервью жүргізуші сұрақтарына толық жауап берілгеннен кейін барлық топтағы баспасөз қызметкерлері топ жұмыстарын сыныпқа таныстырып, интервьюді қабырғадағы постерге апарып іледі. Оқушылар сынып бөлмесін шарлап, интервьюді оқып танысады да, өз бағалауларын стикерге «жақсы», «өте жақсы» сөздері арқылы жазып, постерге жапсырады
Талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері бағалау критерийі бойынша бірі -бірі бағалайды.
3. Мағынаны тану
2-тапсырма
«Жалынды от» тәсілі
Бұл тапсырманы орындау кезінде «Жалынды от» тәсілі қолданылады. Интерактивті тақтадан таймер мен тапсырманың орындалу барысы көрсетіледі. Оқушылар шығармадағы кейіпкерлерді сомдаудағы тура және жанама мінездеулерді тауып, кесте бөліктерін толтырып жазады. Таймер уақытты көрсетіп тұрады, тапсырманы орындау уақыты аяқталған кезде оқушылар кестені толтырып бітуі керек. Сынып оқушыларының жұмыстарын алдыңғы тапсырмадағы интервью жүргізген оқушы жинап алып, топ спикеріне тапсырады.
Тапсырманы ең бірінші орындап болған оқушыға «Жалынды от» атағы беріледі.
Кейіпкер Тура мінездеу Жанама мінездеу
Қабілеті жоғары оқушы шығармадағы жазушының кейіпкерді сомдаудағы стильдік ерекшелігін талдап, қабілеті орта оқушыға түсіндіреді.
4. Бекіту
3-тапсырма
«Кейіпке ену» әдісі
Оқушыларға «күй», «нар идірген», «күй құдіреті», «мінез-құлық» сөздері жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар осы сөздер бойынша топқа бірігеді. Бір топта 4 оқушы болуы керек. Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы ерекшелікті талдау үшін топтағы оқушылар «Кейіпке ену» әдісі бойынша рөлдерді бөліп алады. 1-оқушы: таныстырушы – Естеместің Жаңылды көргендегі мінез-құлқын шығармамен байланыстыра отырып жеткізеді. 2-оқушы:байланыстырушы – Жаңылдың мінез-құлқын шығармамен байланыстыра отырып сипаттайды. 3-оқушы:салыстырушы –Естемес күйші мен Оразымбетті салыстырады. 4-оқушы:суретші – күйші мен нардың бауырында отырған қыздың суретін салады.
Мұғалім деңгейі жоғары оқушыға жұмысқа сараптама жасап, қорытындысын шығаруды ұсынады.
5. Салыстыру
4-тапсырма «Жуан және жіңішке мәселелер» әдісі
ОЙ ҚОРЫТУ
«ЖУАН» ЖӘНЕ «ЖІҢІШКЕ» СҰРАҚТАР
«ЖУАН» СҰРАҚТАР ( САЛЫСТЫРУ, ТАЛДАУ, СИНТЕЗ, БАҒА) «ЖІҢІШКЕ» СҰРАҚТАР (БІР КҮРДЕЛІ ЖАУАПТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ)
Түсіндіріңіз, неге............?
Сіз неге ........... ойлайсыз?
Айырмашылығы неде..............? .........................?
Болжаңыз, егер, солай болса ...........?
Жас күйшіге ..........себебі неде? Қашан ? Не ?
Қашан? ........мүмкін?
.................. бола ма?
................. болуы мүмкін бе?
................... болған ба?
Сіз....... келісесіз бе?.......дұрыс па?
6.Бағалау
5 - тапсырма
«ВАК» тәсілі
Тапсырма «ВАК» (визуалдық, аудиториялық, кинестетикалық) тәсілі арқылы орындалады. Алдыңғы тапсырмадағы топтық құрам қайта бөлініп, жаңа топ құрайды. Топтағы 4 оқушы да басқа топтағы оқушылармен орнын ауыстырып отыруы керек. Оқушылар алдымен халық күйі «Нар идірген» бойынша түсірілген бейнебаянды көреді. (https://www.youtube.com/watch?v=TFFRkOuU58A). Әр оқушыға шығармадағы кейіпкер бейнесін сипаттайтын үзінді жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар үзіндіні жатқа айтып, кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.
«Жас жігіттің дауысы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған кең мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып, жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан қолын түсіре берді де, етсіз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып алды».
Оқушылар жаттаған үзінділерін жұптасып тыңдайды. Содан кейін сыныппен «Нар идірген» күйін тыңдаған кезде қандай сезімде болдың? Жұбыңды тыңдаған кезде оның сезімі қалай көрінді?, Кейіпкерге портреттік мінездеме беруде неге ерекше мән бердің?» сұрақтарына жауап беріп, талқылайды. Сұрақтар мүмкіндік болса интерактивті тақтадан немесе флипчартқа жазылып тақтадан көрсетілуі керек. Сабақ соңында оқушылар: «Мен үш тапсырмада нәтижеге жеттім... ; Мен өте жақсы нәтижеге жетер едім, егер... ; Егер қайта орындауға мүмкіндік болса онда мен... жасар едім» деген «Жетістік» бағалау парағын толтыру арқылы өзін- өзі бағалайды. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру