Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

 Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.2. 1 - автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
Сабақ мақсаты: Шығармадағы кейіпкерлер мен автор бейнесі қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
"Кел, сақинам, кел" ойынын ойнату арқылы өткен сабаққа шолу жасау.
Топқа бөлу. Көңіл күй смайликтеріне байланысты топқа бөлу.
Үй жұмысын сұрау.
1-тапсырма.
1-тапсырма. Әр топта 2 оқушы концептуалдық кесте толтырады, 2 оқушы кейіпкер бейнесін ашатын сөйлемдерді оқулықтан тауып жазады, 1 оқушы бүгінгі өмірмен байланыстырып, «Кейіпкерлермен сырласу» хатын жазып,өз көзқарасын білдіреді.
а) 2 оқушы концептуалдық кесте толтырып,кейіпкерлерге мінездеме беріп салыстырады.
Кейіпкер Автор берген портреттік мінездеме Кейіпкердің іс-әрекеті Кейіпкерге өзіндік баға
Жамал
Ғали
Сәрсенбай
Жұман
ә) 2 оқушы кейіпкерлер бейнесін ашатыннақты мысалдарды оқулықтан іздеп тауып жазады.
Шығармадағы
кейіпкер Мінездеме мысал
Жамал
Ғали
Сәрсенбай
Жұман
б) 1 оқушы «Кейіпкермен сырласу» хатын жазып, кейіпкерге өзінің сырын ашады.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығарма бойынша кейіпкерлерге өзіндік көзқарасын білдіре алады Ойын нақты әрі қысқа жеткізеді
Дәлел, мысал келтіреді
Өз қорытындысын шығара алады
Қалыптастырушы бағалау
2-тапсырма. Келесі ұстанымдар төңірегінде пікірталас ұйымдастырыңыздар. Жасырынған тақырыптарды әр топ басшысы өз таңдап алады.
1-топ. Ғали мен Жамал қараңғылықтың құрбаны!
2-топ. Жұмандардың әрекетін жақтаймын!
3-топ. Әкесін сыйламаған Жамал.
4-топ. Шолпанның ісі дұрыс.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы кейіпкерлер мен автор бейнесі қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдай алады. Автор мен кейіпкерлер арасындағы байланысты түсіндіреді;
Өз ойын жүйелі жеткізеді
Кем дегенде 2 дәлел келтіреді
Қалыптастырушы бағалау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру