Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

 Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: қазақ әдебиеті
Бөліматауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 6-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 8.1.3. 1 Көркем шығармадағы образ
Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру,бағалау
Сабақ мақсаты: Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырады, бағалайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту, үй тапсырмасын сұрау
«Көңілді қалпақ»
Музыка әуені тоқтағанша оқушылар шеңбер бойымен қалпақты бір-бірінің басына кигізеді.Әуен тоқтағанда қалпақ кімнің басында қалып қойса,сол оқушы поэмадан есіне қалған бір тармақ немесе бір шумақ үзінді айтады.
Топқа бөліну
Сабақтың мақсаты,бағалау критерийлерімен таныстыру.
1-тапсырма
1-топ. Ананың іс-әрекетіне қарсы шығу, шығармадан нақты дәлел келтіру,өмірмен байланыстуру.
2-топ. Ананың іс-әрекетін жақтап шығу, шығармадан нақты дәлел келтіру,өмірмен байланыстуру.
3-топ. Автор болсаң шығармаға қандай өзгерістер енгізер едің?
Нақты дәлел айту.
4-топ. «Аққу - киелі құс»,бұл - автор идеясы, қазақ халқы тағы нені киелі деп санаған? Қандай ырымдарды білесің?
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
2-тапсырма.
ЖЖ Оқушыларға екі түрлі тапсырма ұсынылады.
Өздері біреуін таңдап орындайды.
№1
Шығармадағы Ана бейнесі мен қазіргі өмірдегі аналар бейнесімен салыстырыңыз.
Поэмадағы Абай бейнесі Бүгінгі өмірдегі аналарымыз
№2
«Ана махаббаты киеліліктен де құдіретті» деген пікірмен келісесіз бе?
«ПОПС»формуласы
1-сөйлем «Менің ойымша,...»
2-сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
3-сөйлем «оны мына фактілермен,мысалдармен дәлелдей аламын...»
4-сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
«Ыстық орындық» арқылы өз еріктерімен жұмыстарын оқиды.
Мұғалімнің кері байланысы
Оқушыларға сұрақ қою, тақырыпты қорытындылау.
-Шығарма ұнады ма, шығарма несімен құнды,өзіңе не ала алдың?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру