Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

 Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау
Сабақ мақсаты: Өлең композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
«Ең зейінді»
Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.
Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
Топқа бөлу
Мағынаны тану
1-тапсырма ТЖ.
Оқушылар шығарманың жанрын түсіну үшін өлең үзіндісін өлең құрылысына талдайды:
1-топ
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық!
2-топ
Тапқан іске таласпай, шын көнелік!
Жұртқа күлкі болмалық, жөнделелік!
Арамдықпен, алдаумен күн өткізбей,
Өтірікке өлгенше, шынға өлелік!
3-топ
Құрбыласы қулық пен айла баққан,
Олардан алдамшы деп көңлі қайтқан.
Енді бізге ақылын көрсетіп тұр,
Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан.
4-топ
Алмасақ үміт үзер тағы жастан,
Өлсек те, ұмтылалық осы бастан.
Өткізе алмай, еліне қайтса көшіп,
Қаламыз асыл түгіл ине алмастан.
• Авторы
• Тақырыбы
• Идеясы
• Шумақ
• Бунақ
• Буын саны
• Ұйқас түрі
Қалыптастырушы бағалау.
Дескриптор:
1) Өз көзқарасын білдіруде шығарма үзінділерін орынды қолданады;
2) Шығарма үзінділерін өлең құрылысына талдай алады.
Бағалау: әр топ өз жұмысын қорғап болған соң, мұғалім оқушыларға кері байланыс беріп отырады.
2- тапсырма ЖЖ.
Оқушылар жұпта Ш. Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі үзіндісінің композициялық құрылымын талдайды. Жұмыстарын топтағы басқа жұппен алмастырып, 2-жұптың жұмысына комментарий жазады. Комментарий жазу үшін төмендегі кестені басшылыққа алады:
Талдау
Жетістігі
Ұсыныс
Өлеңнің идеясы мен көтерген тақырыбы
Образдар қатары мен кейіпкерлер жүйесі
Уақыт пен кеңістік
Көркем тіл мен баяндау
Үзіндінің эмоциялық әсері
Комментарий
3- тапсырма Ж.,ЖЖ., ТЖ.,С. «Серпілген сауал» әдісі
Оқушылар сабақтан алған білімдері бойынша пікір алмасады.
Пікір алмасу сұрақтары:
• Автордың композиция құру шеберлігі туралы ой(лар)ыңыз қандай?
• Өлеңнен қандай әсер алдыңыз(дар)?
• Өлеңнен оқығаныңыз бен өмірден тоқығаныңызды өмірде қалай байланыстырар едіңіз(дер)?
Жұбымен, тобымен талдап болған соң, топ орталарынан таңдаулы оқушыны шығарады. Оқушы топтың ортақ пікірін қорғайды. Топтар бірін-бірі ауызша бағалайды.
Қалыптастырушы бағалау.
Мұғалім қорытынды жасап, ең үздік топ жұмысын атап, ауызша бағалайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру