Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

 Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 4-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Сабақ мақсаты: Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Оқушылар әнші Бағдат Сәмединованың орындауындағы «Сарыарқа» әнін тыңдайды. Жұбымен әннен алған әсерімен бөліседі.
Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
Топқа бөлу
Мағынаны тану
1 - тапсырма Ж.
Оқушылар әңгіме жанры туралы теориялық материалмен танысады, өз білетіндерімен салыстырады.
Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б.Майлин, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері – қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар.
Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.
2- тапсырма Ж.,ТЖ.,ТЖ.
М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңін оқи отырып, жанрын өзгертіп, «Сарыарқа – қайда жүрсем сағынышым» идеясы негізінде креативті әңгіме жазады. Оқушы тақырыпты өз қалауымен өзгертіп алуына болады.
Оқушы тапсырманы орындау барысында назар аударады:
Мазмұн – әңгіме мазмұнына қараңыз, ол нақты бір мақсат пен аудиторияға сәйкес келе ме, шығармадан алған үзінділерді қайта өңдей алған ба?
Құрылым – әңгіме құрылымы сақталған ба? Мазмұны қисынды байланысқан ба? Қызықты әрі тиімді болатын фразалар кездесе ме?
Мәтінді құрылымдау – Абзацтар сол абзацта талқыланатын ақпаратты айрықшалайтын немесе соған сілтейтін тақырыптық сөйлемнен басталған ба? Жаңа абзац орын, уақыт және сөйлеуді бастайтын жаңа кейіпкер/адамды ауыстыра отырып, жаңа тақырыптан бастала ма? Маңызды әрі нақты сөйлем құрылымдарының әртүрлілігін оқырмандарға әсер ету үшін саналы түрде пайдалана алған ба?
Айқындық - Әр сөйлемнің мағынасы түсінікті ме? Ненің айтылып тұрғаны түсінікті ме?
Бағалау критерийі
Дескрипторлар:
Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп, креативті әңгіме жаза алады.
шығармадан алған үзінділерді қайта өңдейді;
әңгіме құрылымын сақтайды;
мазмұны қисынды байланысқан;
сөйлемдер көркем тілмен берілген;
креативті әңгіме жаза алады.
Оқушылар әңгімені жазып болғаннан кейін жұпта, топта бір-бірімен ауысып оқиды. Бағалау критерийін басшылыққа ала отырып бірін-бірі бағалайды.
3 - тапсырма ЖЖ.,ТЖ. «Авторға сұрақ қою» стратегиясы
Мұғалім барлық оқушыны тақта алдына шығарады. Оқушылар сыртқы шеңбер (оқырман) және ішкі шеңберге (автор) бөлінеді. Алдымен сыртқы шеңбердегілер ішкі шеңбердегілерге сұрақтар қояды. Сұрақтарға жауап алынғаннан кейін шеңбердегілер рөлдерімен ауысады.
4- тапсырма Ж. «Еркін мінбер» стратегиясы...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру