Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

 Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 8.1.1.1- әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау
Сабақтың мақсаты: Әдеби шығарманың сюжеттік желілерін анықтайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Ой шақыру
Топтарға Мұрат ақынның бала кезіндегі өлеңдері таратылады. Оқушылар оқып, келешекте Мұрат Мөңкеұлының қандай ақын болатынын сөзіне қарап болжап, кластер құрады:
ақын суырыпсалма
батыл талапты
тапқыр дарынды
1-топ
Берекетке айтқаны
Бірде ауылдың белді адамдарының бірі (біреулер Барақат дейді, біреулер Берекет дейді) жолдастарымен бір жақтан жолаушылап келе жатып, қой соңында жүрген Мұратты көріп серіктеріне:
– Осы бала ептеп өлең айтады дейді, байқап көрелік, – деп Мұраттың жанына келіп, ат үстінде тұрып:
– Ойнайды қара суда құты балық,
Жолықпай бұл баладан құтылалық.
Томпаңдап қой соңында жүгіресің,
Әкеңді жас басыңнан жұтып алып, – дейді.
Мұрат жасқанбастан:
– Я, ойнайды қара суда құты балық,
Жолықпай біз де сізден құтылалық.
Алшаңдап ат үстінде сен де жүрсің,
Ағаңды алдындағы жұтып алып, – дейді.
Берекет тіл қатпастан аттың басын ауылға бұрып, Мұраттың ақындықпен аты шығып жүрген ағасы Матайды шақырып алып:
– Ана балада бір желік бар, өзіңдей ақын болайын деп тұрған бала, – деп оны қойдан босатуға, сауатын ашыңқырауға, елдегі той-топырға қатыстырып, өлең айтуға машықтандыруға жол ашады.
Мұраттың «Ағаңды алдындағы жұтып алып» деуінде мынадай гәп бар екен. Берекеттің туған ағасы ел басқарушы азаматтардың бірі болса керек. Сол ағасы қайтыс болып, енді Берекет атқа мініпті. Сөйтіп, Мұрат бала да болса талма жерден ұстап, Берекеттің алдын байлап тастаған.
2-топ
Ағайынға айтқаны
Мұраттың он екі жастағы кезі болса керек. Туыстас ағайынның бір үйір жылқысы ауа жайылып кетеді де, соны тауып келуге Мұратты жұмсайды, еңбегіне тай мінгізетін болады. Шаруаға онша қыры жоқ Мұрат үш-төрт күннен кейін:
– Таба алмадым, – деп қайтып келеді.
Бұған ренжіген ағайын:
– Әй, сорлы бала, сен бұл қырсыздығыңнан жарымассың, сенен күдерімді үздім, – дейді.
Сонда Мұрат қысылмай:
– Аға-еке, бұл баладан күдер үзбе,
Онан да мінгізетін тайыңды ізде.
Инша Алла ризықтан кенде болман,
Келіппін дүнияға қоңыр күзде.
Кесірін қысырақтың айғырдан көр,
Жылқысын қайырмаған сылбырдан көр.
Баланы қуантқаннан кемімессің,
Құдайым қабыл етсін, ақымды бер, – дейді.
Әрі құдайынан қорыққан, әрі Мұраттың сөзінен сескенген ағайыны тай мінгізіп құтылады. «Жылқысын қайырмаған сылбырдан көр» деп отырғаны – жылқыны бақтырып қойғаны әлгі ағайын адамының туған інісі екен.
3-топ
Жеңгелеріне айтқаны
Мұраттың он үш жасар кезі екен. Бірде үйге келсе, былқып піскен етке тап болады. Матай ауылда жоқ болса керек, жеңгелері Мұраттың алдына табақ тартып:
– Ал, қайным, осыған бірдеңе деп жіберші, – дейді. Мұрат жеңгелерінің көңілін қимай:
– Ас берсе Сағира мен Қайша берсін,
Жей алмай май табағын қайта берсін.
Қонағы ат тұяғы жеткен жерде
Аузынан суы құрып айт аберсін, – дейді.
Жеңгелері дән риза болады. Сағира – өзінің туған жеңгесі, Матайдың әйелі, Қайша – көрші жеңгелерінің бірі.
4-топ
Қыз-келіншектерге айтқаны
Мұраттың он бес жастағы, елге ептеп таныла бастаған кезі болса керек. Ел жайлауға көшіп қоныстанып жатады. Мұрат тігіліп жатқан көрнектілеу бір үйдің жанына келіп, ат үстінен қоныс құтты болсынын айтады. Үй тігіп жатқан көңілді қыз-келіншектер Мұратты танып:
– Құтты болсын қарасөзбен емес, өлеңмен айтылсын, – деп оны сөзге тартады.
Мұрат ат үстінде тұрып, сол бойда:
– Өлеңнің мен айтамын өнегесін,
Жайықтың елім жайлайды кенересін.
Ақ отау әшекейлі тігіп шетке
Бастырды алты зермен дөдегесін.
Қыздары осы ауылдың қандай шандоз,
Қонғанда атпен жаяды керегесін.
Сапырып сары қымыз қойды жолға,
Дегендейақын-билеркелекетсін.
Өлеңге сен де жетік, мен де жетік,
Айтсаңшы жетік болсаң мендей етіп.
Мәсі,байпақ, жібек шұлғау, кестелі етік,
Ұштаптан киді көйлек күлтелі етіп.
Иығыңа екі үкінің жүнін тағып,
Жарасар жорға мінсең дөңгелентіп.
Шығасың қара қырға қолың сермеп.
Жиналған топ әлеумет бізді көр деп, – дегенде, риза болған қыз-келіншектер Мұратты аттан түсіріп, қымыз құйып, дәм таттырады.
Оқушыларға сабақ тақырыбы, мақсаттары таныстырылады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру