«Аяз би» ертегісі 5-сабақ (6 сынып, I тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі 5-сабақ
Сабақ мақсаты: Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
«Аяз би» ертегісіндегі кейіпкерлермен кездесу мүмкіндігі болған жағдайда екі сұрақ қою мүмкіндігіне ие болдыңыз.
Не сұрар едіңіз?
Кейіпкер қандай жауап айтуы мүмкін деп ойлайсыз? (Әр топ кейіпкерлерді өздері таңдайды немесе мұғалім таңдауы мүмкін)
• Жаман
• Хан
• Меңді қыз
• Бағып жүрген шал
• Ханның қырық уәзірі
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Таңдаған кейіпкерге арнап «Неге?», «Неліктен?» деп басталатын 6 сұрақ құрастыр.
2- тапсырма
Кестені толтыр. Кестеде берілген үзінділерден кейіпкер бойындағы құндылықтарды анықта.
Мәтіннен алынған үзіндінің қай кейіпкерге және қандай оқиғаға қатысты екенін табыңыз. Кейіпкердің сөзі мен іс-әрекетіне талдау жасап, мінездеме бер. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
құстың жаманы мен шөптің жаманын таба алмаған екенсіңдер. Құстың жаманы - қырғауыл, шөптің жаманы шеңгел еді. Осыны көре, бұларды әкелулеріңнің не жөні бар еді?
Біреудің сиықсыз болуы оның жаратылысынан. Қырғауылдың айыбы - тек сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүні ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған, адам пайдасына аспайтын құс еді
Хандардың ішер асы - жал мен жая аузыңызға түспей, нан, көже түсіп, мені келісімен аспазға жібердіңіз. Салтыңызға тарттыңыз. Сіздің шонжарлы, атаулы хан емес екеніңізді содан байқадым, - дейді.
Жаман иманын айтып, қырылдап, енді демі бітуге айналғанда, көпті жарып, ақ боз атты, ақ киімді, бетіне перде жапқан бір кісі келіп, қылышпен дардың жібін кесіп жібереді де, сұлап жатқан Жаманның көкірегіне қылышын көлденең тастап, жайына кетеді
Неше рет екеуміздің арамызға от салып, қоныс аударып, көшіп кетуге себеп болып еді. Сонысына ызаланып: «Өздері әбден жеңілсін, кінәларын мойнына алсын!» - деп едім
3- тапсырма
• Ертегіде қандай рухани құндылықтарды тани алдыңыздар?
• «жалған айту», «қызғаншақтық», «ақылсыздық», «сертін бұзушылық» деген ұғымдарды құндылыққа жатқызуға бола ма?
• Неліктен аталған ұғымдарды құндылық деп танисың?
• Қандай құндылықтар қазіргі заманда басым деп ойлайсыз? Неліктен?
___________________________
Бағалау дескрипторы
Оқушылар бірін-бірі жұпта бағалайды
Кейіпкерлерге арналған сұрақтар құрастырады
Сұрақтармен топта жұмыс істей алады
Ертегіде алатын кейіпкерлер орнын біледі.
Құндылықтар туралы айта алады...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары «Аяз би» ертегісі 5-сабақ 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, «Аяз би» ертегісі 5-сабақ