Әл Фараби «Қашықтасың туған жер» (6 сынып, I тоқсан )

 Әл Фараби «Қашықтасың туған жер» (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: Әл Фараби «Қашықтасың туған жер»
Сабақ мақсаты: Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Топта талда
«Әркімнің туған жері – Жерұйық» дегенді қалай түсінесің?
Жат елдің жақсысы болғанша, Өз еліңнің сақшысы бол.
Қандай тақырып жөнінде сөз қозғаумыз мүмкін?
Тақырып бойынша қандай мәселе талқыланады деп ойлайсың?
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма.
Мағынаны тан
Қара, сұрақ қой!
1. Суреттерге мұқият қара.
2. Ойлан: үш суретке ортақ не бар?
3. Сурет мазмұнына байланысты көршіңе бір сұрақ қой.
4. Жауабын көршіңмен талқыла.
2-тапсырма.
Берілген нақыл сөздер мен суретті байланыстыра отырып, төмендегі сұрақтарға жауап бер.
Ғақлия көзбен қарасаң,
Дүние – ғажап, сен – есік.
Жаһлы көзбен қарасаң,
Дүние – қоқыс, сен – меншік.
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.
Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады.
Жауабыңды төмендегі сызбаға сүйене отырып орында
Менің лирикалық кейіпкер жөніндегі ойым мынадай, себебі.... , оған автордың мынадай нақыл сөздері ....... негіз бола алады.
Мен оны қалай елестете аламын? (сезімі, көңіл-күйі, өмірге деген көзқарасы, не толғандырады?)
Қоршаған орта жайында автордың ойы қандай деп ойлайсың?
3-тапсырма.
• Берілген өлеңді оқы. «Қашықтасың туған жер» өлеңі бойынша көтерілген 2 түрлі маңызды мәселені анықта.
• Қарама-қайшылықтардың туындау себептерін аш, маңызды идеяларды өз ойыңызды білдіре отырып сипаттаңыз.
Маңызды мәселелер Қарама-қайшылықтар және оның туындау себептері Маңызды идея
Қорытынды тұжырым
Өлең қандай лирикаға жатады?
Өлеңде қандай кейіпкерлер бар?
4-тапсырма. «Шашылған жыр жолдары» әдісі.
Шашылған өлең жолдарын ұйқасына орай құрастырып, жинақтаңыз. Жинақтаған соң түпнұсқамен салыстыңыз.
• Өлең несімен ұнады?
• Өлең мен ақын тағдырының арасында қандай байланыс бар?
• Оқырманның сезіміне қандай сөздер немесе сөз тіркестері әсер етеді деп ойлайсың?
• Қандай өлең жолдары автордың негізгі ойын білдіреді деп ойлайсың?
• Туған жерге деген сағынышы берілген өлең жолдарды анықтаңыз.
• «О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
• Құм сықылды тез ысып, тез суынар» деген жолдар оқырманға қандай ой салады?
• Автордың көңілі неге алаңдаулы деп ойлайсың?
• Бүгінгі заманда оны мәселе ретінде қарастыруға бола ма? Неліктен?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру