Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті (8 сынып, IV тоқсан )
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы туризм және экотуризм
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)
Сабақтың мақсаттары: Эссенің құрылымын, даму желісін сақтап, ұсынылған тақырыптың артықшылығы мен кемшілігін салыстырып, өз ойын дәлелдеп эссе жазу.
Сабақ барысы: 1. Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушыларды түгелдейді.
Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру үшін мұғалім оқушыларға «Өткенге саяхат» ойынын ұсынады.
Мұғалімнің сөзі: Мына қорапшада билеттер бар. Онда «Қызыққа толы сәт», «Қызықты оқиға», «Менің қызықты демалысым», «Қызықты саяхат» деп аталады. Қорапшадан бір билет суыруларың қажет. Кімнің қолына қандай тақырып түссе, сол бойынша сыныптастарымен бөліседі.
2. Сабақтың тақырыбын хабарлайды.
3. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.
Жазылым алды тапсырма
«Денотатты граф» əдісі
1. «Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті» тақырыбында эссе жазуға қажетті тірек сөздер белгіленеді.
2. Тірек сөздер арқылы берілетін ұғымның (тұжырым) қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін сипаттайтын етістіктер анықталады.
3. Тармақтарға жіктеледі.
4. Тармақтар арқылы мазмұн болжанады.
Жазылым тапсырмасы
Мұғалім оқушыларға тапсырма шартын түсіндіреді.
Мұғалімнің сөзі:
«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының өкілі Тимур Дүйсенғалиевтің айтуынша, соңғы уақытта Астана мен Алматы қаласына келетін туристердің саны артқан және Қазақстанның орналасқан жері өте тиімді. Егер Өзбекстан ежелгі қалаларымен мәдени туризмнің орталығы атанса, Қазақстан - іскерлік және экотуризмді дамыта алады», - деп атап көрсетіп отыр. Ая Құсайынова, туризм индустриясы ұлттық академиясының жетекшісі: «Таулар мен кең байтақ далаға келіп, ат мініп, киіз үйде тұру туристер үшін аса қызық. Біздің табиғатымыз бай, сондықтан экотуризмді дамыту маңызды. Өйткені әлемде өркениет жетпеген жерлер аз. Ал бізде мұндай жерлер жетерлік. Мұны тиімді пайдаланып, туристердің қызығушылығын арттыруымыз керек деп есептеймін», - деп отыр. Ендеше, оқушылар, сендер де осыған дейінгі сабақтардан алған, басқа да пәндер арқылы білгендеріңді кірістіре отырып, Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті немесе жеткіліксіз екендігін көрсетіп, көзқарастарыңды аргументтермен дәлелеп, эссе жазыңдар.
Сөз көлемі – 50-60 сөз.
Көз жаттығуы
Оқушылар жазба жұмысын орындағаннан кейін мұғалім оларға көз жаттығуын жасауды ұсынады.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
«Сұрақ алаңы» әдісі
Сұрақ алаңының бүгінгі тақырыбы – «Қазақстан – экотуризм орталығы».
Сынып екі топқа бөлінеді. Бір топ – «Туристер», екінші топ – «Тур агенті».
«Туристер» тобындағылар «Тур агенті» тобынан бір оқушыны таңдайды, сұрақ алаңына шақырады.
Қазақстанның табиғатына қызыққан турист тур агентіне сұрақ қояды, екіншісі компания мүддесін қорғап, дәлелдермен жауап береді.
Дескриптор:
- эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды бөлім) сақтайды;
- Экотуризмді дамытуға болатындығын дәлелдейді;
- аргуметтентерді салыстырады, көзқарасын дәлелдейді.
Өзіндік бағалау
Оқушы өзін-өзі бағалайды. Оқушының бағалауы шынайы әрі толыққанды болуы керек.
Мұғалімге ескерту: оқушы өзін-өзі бағалау кезінде төмендегі сұрақтардың бәріне жауап беруі міндетті емес, ең бастысы өзінің оқудағы әрекетіне анализ жасай білсе болғаны. Бағалаудың мақсаты осы.
- Эссенің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақталды ма?
- Дәлелдер жеткілікті ме?
- Сөз байлығы мен сауаттылық қай деңгейде?
- Қиындық тудырған мәселе бар ма?
- Оны қалай шешуге болады?.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті 8 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті